Шарушылықта жаңа техника
Ауданымызда ауыл шаруашылығы дамып, шаруалар мемлекет тарапынан қолдаулар көріп келеді. Шаруалар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан бағдарламаларға қатысып, ата кәсібімізді шалқытуда. Игілік ауылдық округіне қарасты «Бақдаулет» шаруа қожалығының төрағасы Баяхметов Қуаныш Мейрашұлы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы лизингке «МТЗ-892» трактор қосалқы бөлшектерімен 16.2 млн теңгеге сатып алды. «Бақдаулет» шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарламаға қатысып, бүгінгі күнде мал шаруашылығын дамытуда. «Бақдаулет» шаруа қожалығының төрағасы Қ. Баяхметов өз сөзінде: -Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларын қолға алып келеді. Егін және мал шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында осы техниканы алдым. Ауыл-қазақтың тал бесігі. Ауыл-қазақтың отаны. Ауыл-тағылымды тәлім-тәрбиенің ордасы. Қазақы қасиеттер ауылдан бастау алады. Міне, сондықтан да ауыл қамқорлықтан, жанашырлықтан қағажу қалмау керек. Қолдан келсе ауылды көркейтіп, гүлдендірейік,-деді.
Шаруақожалық төрағасының айтуынша егін және мал шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында осы техниканы алған. Алдағы уақытта шаруашылықты дамыту мақсатында тағы да жаңа техника алу жоспарында бар екен. Айта кетейік ауданымызда егіннен бөлек, мал шаруашылығын өркендеткен жұрт арасынан қой мен ірі қара өсіріп, озат атанғандар бар.
Сәулет ЕСҚАРА,«Sarysý»