Би – әлемнің рухани елшісі

0

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудандық жастар арасында “Би – әлемнің рухани елшісі” атты би байқауы өткізілді.

Шараға ауданымыздың барлық мектептерінен жалпы 9 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Шараның басты мақсаты жас өнерпаздардың шығармашылығын дамытып, би өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Байқау “Әр ұлттың биі”, “Еркін тақырыптағы би” кезеңдері бойынша бақтарын сынады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды, І-орынды Абылайхан атындағы мектеп-лицейі, ІІ- орынды Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, ІІІ-орынды Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы иеленді.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

«Sarysý»-АҚПАРАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.