Өнер мектебінде

0

Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінде тәуелсіздік күні мерекесі және адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақ музыка әдебиетінің мұғалімі А. Жазықбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім — Қазақстан!» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқауға қатысушылар Қазақстан, Тәуелсіздік, туған ел тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Оқушылардың дауыс мәнері, сахналық мәдениеті, өлеңді сезініп оқу қабілеті бағаланды. Үздік оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Аталмыш байқау оқушылардың рухани дамуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына оң әсер етті.
Сондай-ақ мектеп кітапханашысы Ж. Рахымжанова­ның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырым» атты кітап көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты тәуелсіздік ұғымының маңызын түсіндіру, оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, Отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғаларды сипаттайтын деректі, танымдық және көркем әдебиеттер қойылды.
Оқушыларға «Тәуелсіздік шежіресі», «Тарих толқынында», «Қазақ елі» секілді кітаптар таныстырылып, шолу жасалды.
Көрме оқушылардың Тәуелсіздік туралы білімін толықтырып, отансүйгіштік сезімін арттыруға ықпал етті.
Бетті дайындаған:

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.