Ұлттық құндылық – ел байлығы
Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінде тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Ұлттық құндылық – ел байлығы» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты тәуелсіздігімізді және ұлттық құндылықтарды дәріптеу және білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сабақ барысында жеткізудің әдіс-тәсілдерімен бөлісу.
Семинарда мектеп директоры Әмірәлі Әбенов мектептің тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, семинарға қатысушылар мен дәріс беретін ұстаздарға сәттілік тіледі.
Одан ары мектеп директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары Қойгелдиева Қолқанат «Ұлттық құндылықтардың қосымша білім беру үрдісіндегі атқаратын рөлі» тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырды.
Жалпы аталған семинар екі бағыт бойынша ұйымдастырылды, көркемөнер және музыкалық.
Көркем өнер бағыты бойынша
Қазақ ұлтының ежелден келе жатқан ұлттық құндылықтарының бірі жылқы шаруашылығымен тығыз байланыста, жылқы ұстаудағы керекті құралдардың бірегейі ат әбзелдері. Осы аталған құндылықтарды жас жеткіншектерге жеткізу мақсатында «Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің мұғалімі Қ. Байулиев «Ат әбзелдері-ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мәдени материалдық атамұра» тақырыбындағы жасаған авторлық бағдарламасымен бөлісті. Сонымен қатар «Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің мұғалімі Байдилдаева Динара «Жаңа технологиямен киіз басу әдісі» тақырыбындағы сабағын көрсетсе, «Қамшы жасау технологиясы» тақырыбында «Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің мұғалімі Жанәбилов Мұхтар ашық сабақ өтті.
Музыкалық бағыт бойынша
«Кіші буын оқушылармен домбыра аспабында сабақ өтудің әдіс-тәсілі» тақырыбында «Ұлт-аспаптар» бөлімінің мұғалімі К.Омарова сабақ өтсе, «Балбырауын күйінің аккордеон аспабында орындалу ерекшеліктері» тақырыбындағы ашық сабағын «Ұлт-аспаптар» бөлімінің мұғалімі Ж.Адамбаев көрсетті және домбыра пәнінің мұғалімі Ж.Рахымжанова Т.Жахиннің «Дала рухы» күйін ансамблмен өткізу жолдарымен бөлісті.
Семинарға аудандық білім бөліміне қарасты қосымша білім беру мекемелерінен екі бағыт бойынша мұғалімдер келіп қатысып, тәжірибе алмасты.
Жайылма ауылдық өнер мектебі