Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы

0

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ елінің сан ғасырлар бойғы қанымен, жанымен келген азаттық таңын алу жолындағы бабалар ерлігін дәріптеу, еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, тәуелсіздік құндылықтары мен ұстанымдарын бойға сіңіру, қастерлеу, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһармандарымызды еске алу болды.
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің директоры Жақсыпейлов Ғазиз Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу жолы мен жарқын болашағы жайында әңгіме қозғады. Сонымен қатар М.Құраловтың «Бұлқынды жүрек» әнін мәдениет қызметкері Салқынбек Жұматаев, А.Сұлтанбектің «Домбыра» күйін Айзере мен Асылназ Тоқановалар орындады. Қ.Сариннің «Қуан, қазақ, күн туды қуанатын», А. Қонарбаевтың «Тәуелсіздік күні құтты болсын», А. Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» т.б. өлеңдерін Б. Қашқынбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Нұрланұлы Нұрасыл, Тоқан Айзере, Тоқан Асылназ мәнерлеп оқып берді. Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар Тәуелсіздіктің оңай келмегендігін айта отырып, желтоқсан оқиғасының тарихи тағылымы мен тәуелсіздік құндылықтары төңірегінде пікір алысып, ой бөлісті.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.