Желтоқсаншылармен кездесу
Шоқай датқа атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 34 жыл толуына орай мектепішілік патриоттық ән байқауы өткізілді. Өткізілген іс-шараға 1986 жылы желтоқсан оқиғасының қатысушы куәгері Шажалиева Шайбала апай қатысты.
Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде 1986 жылы желтоқсан оқиғасына байланысты бейнероликтер көрсетіліп,желтоқсаншы Шайбала апай өз ойымен бөлісті.
Сондай-ақ екінші бөлімде кездесу 4-10-сыныптар арасында Тәуелсіздік күніне орай патриоттық ән байқауына ұласты.
Іс-шара соңында желтоқсаншы Шайбала апаймен мектеп оқушылары естелікке суретке түсті.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»