Кәсіби мереке аталып өтті

0

Ауылшаруашылығының ел экономикасындағы мәні мен маңызы өте жоғары. Ауылшаруашылығы күні мерекесі – жер-ананы идіріп, қырманды дәнге толтырған, ата кәсіп – мал шаруашылығын шалқытып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың мерекесі.

Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалардың нәтижесінде елімізде ауылшаруашылығын дамыту жүйелі түрде іске асырылып, бұл сала қарқынды дамуда.
Осы аптада аудандық мәдениет үйінде ауылшаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай «Ел дәулетін асырған еңбеккерлер» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шара ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалаудан басталды.
Шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов сала қызметкерлері мен ардагерлерін, аудан еңбеккерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
-Сіздерді ауылшаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – жер-ананы идіріп, қырманды дәнге толтырған, ата кәсіп – мал шаруашылығын шалқытып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың мерекесі.
Ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы мәні мен маңызы өте жоғары.
Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалардың нәтижесінде елімізде ауылшаруашылығын дамыту жүйелі түрде іске асырылып, бұл сала қарқынды дамуда.
Біздің ауданда да ауылшаруашылығы саласы бойынша көңілге қонымды көрсеткіш баршылық.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 19 млрд. 23 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ауданда 1432 шаруа қожалығы тіркелген. Оларға тиесілі егістік алқаптың көлемі 24 914 гектарды құрап, ауыл шаруашылығы дақылдары 23 150 гектар алқапқа орналастырылды.
Осыдан 5 жыл бұрын тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының игілігін қазіргі таңда ел көруде. Бұл жоба аясында тұрғындарға есік алдындағы, ауыл сыртындағы егістік жерлерін игеріп, мал және өзге де қосалқы шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндіктер туды.
Бұл жобаның 5-ші бағыты барлық ауылдық округте іске асатын болады. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын тауып, жобаның ел игілігіне айналары сөзсіз.
Жыл өткен сайын ауылшаруашылығы техникалары да жаңаланып келеді. Биылдың өзінде 339,4 млн. теңгеге 39 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды.
Осындай жүйелі жұмыстардың және тынымсыз еңбектің нәтижесінде ауданымыздың ауылшаруашылығы саласының әлеуеті зор болатындығына сенім мол. Біз одан әрі еңбектеніп, бұл саланы дамыта беретін боламыз.
Сіздердің ауылшаруашылығы саласын дамытудағы еңбектеріңіз өлшеусіз және қашанда құрметке лайық. Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақ — береке тілеймін. Ауданымыздың дамуы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын,-деп ауданның ауылшаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосып, үздік жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар шаруа қожалығының жетекшілеріне, жеке кәсіпкерлерге ҚР Ауылшаруашылығы министрінің Құрмет грамотасын, «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» медальдарын, аудан әкімінің Құрмет грамотасын, Алғыс хаттарын және бағалы сыйлықтарды тапсырды.
Салтанатты шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Әншілер әннен шашу шашса, «Айжан қыз» би ұжымы мың бұрала биледі. Мереке иелеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.