Жасай бер, Астана!

0

Астана күні ел тарихындағы Ұлы жеңістің бірі. Биыл еңселі Елордамызға 28 жыл. Осындай айтулы күннің қарсаңында аудандық мәдениет үйінің алдында «Жасай бер, Астана!» атты мерекелік шара аталып өтті.

Жиынға келген көпшілік алдымен аудандық орталық кітапхананың «Жасай бер, Астана!» тақырыбындағы кітап көрмесін және Жаңатас аула клубының қылқалам шеберлерінің салған суреттерін тамашалады.
Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Сәкен Мамытов шараға жиналған көпшілікті Астана күні мерекесімен құттықтады:-Тәрбиелік тұрғысы жайлы толғасақ, Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды әспеттеп, ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі — жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңірудеміз. Осылардың барлығы бір арнаға тоғыса келе, ұлтты ұйыстыруға, мемлекеттілігімізді нығайтуға қызмет етіп жатыр, -деп «Мерейлі Отбасы» байқауында жеңімпаз атанған отбасыларды және сурет салу байқауына қатысқан оқушыларды аудан әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Шарада патриоттық әндер айтылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қала кешін әсем әнге бөлеп, жиынға келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.