ҚАЗАҚ ЕЛІМ «ТӘУЕЛСІЗДІК» ЖАСАСЫН!
Мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылдың,
Он алтыншы желтоқсаны ызғарлы.
Еліміздің жүрегінен өшпейтін,
Мәңгілікке тарих болып із қалды.
Желтоқсанның аязына қарамай,
Үкіметтің кеңес үйін жағалай.
Жастар шықты алаңға,
Жігерленіп, бір-бірін бағалай.
Көтеріліс емес еді ойлары,
Жеткізгісі келген назды ойдағы.
Жастар еді соның бәрі де,
Арасында бар болатын бойдағы.
Барлығының бірдей еді талабы,
Елім деген жүректері елжіреп.
Отаным деп, қазағым деп ұрандап,
Көзден жасы тамады.
Қазақ елін таптатқысы келмеді,
Сезіп жүрді өзгерісті елдегі.
Намыстанып кеткен болар жас қазақ,
Өзге ұлттың емеспіз деп ермегі.
Үкіметке назын айтып жеткізді,
Зейін қойып тыңдайдыма деп бізді.
Бірақ кеңес тыңдамады жастарды,
Күш қолданып, кеудесінен тепкізді.
Желтоқсанның түні еді ызғарлы,
Аямады ер баланы, қыздарды.
Оқ жаудырып, ұрып соғып, су шаш деп,
Жауап келді сол кеңестен ызғарлы.
Жиылған топ жастар еді алаңда,
Сұлап жатты жауған оқтан табанда.
Тәуелсіздік алу үшін Отанға,
Оққа ұшса да барды осындай қадамға.
Ұсталғанның жанын қинап тергеді,
Сол кеңестің болды бәрі ермегі.
Тірілерін «желтоқсаншы тұтқын» деп,
«Халық жауы» деп атады елдегі.
Біраз жылдар өтті осылай арада,
Ақпен бірге тең жүреді қара да.
Отан үшін оққа ұшқан жастардың,
Нағыз ерлік деп сол ісін бағала.
Тәуелсіздік алу еді мақсаты
Болмаса да сол кездері жақсы аты.
Бүгіндері тәуелсіз ел болдық та,
Боздақтардың жазылып тұр таста аты.
Жан қиылмай Отан болу оңай ма,
Тәуелсіздік соққан емес оңайға.
Барлық адам өз отанын шын сүйсін,
Ағарып шаш тұрса-дағы самайда.
Мен сүйемін отанымды құрметтеп,
Біле білсең Отан деген ұлы мектеп.
Тәуелсіздік еліме шын арнадым,
Мынау жырды жүрегімнен күрмектеп.
Құтты болсын тәуелсіздік бүгінде,
Өз елің бар, Қазақ елім күлімде.
Желтоқсанның ызғары да сейіліп,
Төгіліп тұр, шуақ шашып күнім де.
Тәуелсіздік құрбанына мың алғыс
Басымды иіп, құрметтеймін барлығын.
Қазақ елім, Тәуелсіздік жасасын!
Күлімдеңдер, шықпасыншы зарлы үн!
Берікбек Есмұрзаев,
Жаңатас қаласы