Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам

0

Балалар мен жастарды ғылыми-техникалық шығармашылыққа және робот техникасына тарту ғылым мен техникаға, технологиялық сауаттылыққа және инженерлік ойлауға тұрақты қызығушылықты қалыптастырады, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға, ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы батыл идеяларды іске асыруға мүмкіндік береді, оларға осы өмірде табысты болуға көмектеседі. Балалардың қызығушылық әлемі белгілі бір дәрежеде болашақ мамандықты таңдауға әсер етеді.
Қазақстандық білім берудің басым міндеттерінің бірі балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық жүйесін дамыту болып табылады. Ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытудың басты мотиваторлары – республикалық деңгейдегі іс-шаралар, оның ішінде «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың байқауы. Байқаудың мақсаты – білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар облыстық байқауының іріктеу кезеңі өткізіліп, орталықтан 8 номинация бойынша қатысқан 22 оқушымыз І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 4 оқушымыз І-дәрежелі дипломмен марапатталып, аталмыш жарыстың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша қашықтық форматында онлайн режимде «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауын өткізді.
Байқаудың республикалық кезеңінде, облыстық кезеңдерінің 140 жеңімпаздары автокөлік, өндіріс, ауыл шаруашылық және жабдықтар, су көлік, авиация, космонавтика және аэрокосмос техникасы модельдерін техникалық құрастыру номинациялары бойынша модельдерін рационализаторлық ұсыныс» жобаларын ұсынады. Сонымен қатар «Үздік Байқау жұмыстарын жоғары оқу орындарының ғалымдары, Қазақстан радиоспорт және радио әуесқойлар федерациясының өкілдері, білім беру ұйымдарының педагог-практиктері қатарынан кәсіби қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясының жеңімпазы ІІ Дәрежелі дипломмен «Авто ХХІ» үйірмесінің оқушысы Оразәлі Манас және жетекшісі Байулиев Сапарғали марапатталды.

Техникалық шығармашылық орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.