Аудан мерейін үстем етті
Бүгінде ауданымызда спорт саласы қарқынды дамып келеді. Ауданымыздағы спорт мектептеріндегі жаттықтырушылардың баптаған шәкірттері аудан намысын қорғап жүр. Халықаралық жарыстарда көк байрағымызды жеңіс тұғырынан көтеріп, ел намысын қорғап келеді. Соның нәтижесінде жастарымыз спортшы аға буын өкілдеріне еліктеп, түрлі спорттық жарыстарға белсене қатысып, шеберліктерін шыңдап келеді.
Жуырда Тараз қаласында, 2015 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында үстел теннисінен Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Осы аталған жарыста Б. Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінің жаттықтырушылары Қасымбеков Серік пен Аманкелді Айбол бастап барған жас спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша Қуанған Раяна мен Төлеубай Ұлболсын 3-орынды иеленді. Сонымен қатар, бұл екі спортшы Петропавл қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.
Жұптық ойындарда Нұрбек-Мариям 1 — орынды жеңіп алса, Төлеубай Ұлболсын және Қуанған Раяна жұбы 3 — орынға ие болды.
Жас спортшылар аудан мерейін үстем етіп, алдағы республикалық додада да жоғары нәтиже көрсетеді деген сенім мол.
Арай БАТЫРҚЫЗЫ, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 1 – курс студенті