Дойбы ойыны — ойлау қабілетті дамытады

0

Досбол ауылдық округі, Досбол орта мектебінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жылдам ой – жүйрік қол» атты дойбыдан аймақтық жарыс өткізілді.

Дойбы ойыны-баланың логикалық ойлау қабілетін дамытып, шыдамдылыққа тәрбиелейтін ұлттық және зияткерлік ойындардың бірі. Аталған жарыстың мақсаты – оқушылардың ой-өрісін дамыту, шапшаң ойлау қабілеттерін арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің тапқырлықтары мен шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Нәтижесінде ұлдар арасында:
1-орынды Асылхан Әлихан, 2-орынды Өсербек Нұрғиса,
3-орынды Бақтыбек Нұрхан иеленді.
Ал, қыздар арасында Ермаханбет Жанерке, Әбдір Айсара 1-орын, Назбай Жанерке 2-орын, Сарман Нұрайлым мен Сембі Камила 3-орынды иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

Жастар ресурстық орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.