ЕҢБЕГІ ЕСЕЛІ ЖАСТАР
Бүгінде үкімет тарапынан жастар саясатының іске асырылуына түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 12 382. Бұл аудан халқының 28% құрайды. Жыл басынан бері бекітілген жоспарға сәйкес, 1 200 — ден аса іс-шара өткізіліп, бас қосқан жиындарға 17 мыңға жуық адам қамтылды.
Осы орайда, аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “Сарысудың серпіні- еңбегі еңселі жастар” атты Сарысу ауданы әкімінің үздік жастарды марапаттау шарасы өтті.
Салтанаты шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің рөлі айқын екенін атап өтті.
Шара барысында бірқатар сала мамандары «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас жұмысшы», «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас мәдениет саласының қызметкері», «Үздік жас полиция қызметкері», «Үздік жас медицина қызметкері», «Үздік жас құтқарушы», «Үздік жас волонтер», «Үздік студент» және «Үздік оқушы» номинацияларымен марапатталып, арнайы статуэткалар тапсырылды.
Жастарға мотивация сыйлаған шара концерттік бағдарламаға ұласып, Тараз қаласынан келген «Нақыш» тобы әннен шашу шашса, «ГАММА» жайдарманшылар тобы көрермендерге әзіл сыйлады. Сондай-ақ, ауданның өнерпаздары да өнерлерін көрсетіп, шараның көркін кіргізді.
С. РЫСБЕКҰЛЫ. «Sarysý»