Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға…
Ұстаз есімі – күннің шуағы секілді айналасына нұрын шашып, қаншама жас ұрпақтың болашағына жол сілтейтіні жасырын емес. Ұстаздың орны қашан да биік, қасиеті ерекше саналады. Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деп, тағылымы терең ой қозғаған болатын.
Үстіміздегі жылы наурыз айында Гүлзипа Тұрғынбайқызы Сыздықова білім саласында жеткен зор жетістіктері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат ұстаздың педагогикалық қызметке қосқан өлшеусіз үлесін мойындау және оның еліміздің білім жүйесін дамытуға сіңірген еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.
Гүлзипа Тұрғынбайқызы 1982 жылы 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген.
2005 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің тарих мамандығы бойынша бітірген. Тарих пәні бойынша шебер-педагог.
Еңбек жолын 2000 жылы Абылай хан атындағы орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып бастаған. 2002 жылдан қазіргі таңға дейін Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде жұмыс істеп келеді. 2014-2015 жылдар аралығында Б. Қашқынбаев атындағы орта мектебінде әлеуметтік педагог қызметін атқарған. 2015-2020 жылдар аралығында аталмыш орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың шілде айынан 2022 жылдың наурыз айына дейін Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің директоры міндетін уақытша атқарды.
2022 жылдан -2024 жылға дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2024 жылдың 24 қыркүйегінен бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқаруда. Сонымен қатар Сыздықова Гүлзипа жаңа технология әдіс-тәсілдерін тарих пәнінде тиімді қолданады. Оған үздіксіз өз білімін жетілдіру курстарын оқығандығы дәлел.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі біліктілікті арттырудың қазақстандық өңірлік орталығының «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» тақырыбында курстан өткен.
2018 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қалалық филиалында ҚР. Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымы басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курсынан өткен.
2019 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дүниежүзі тарихы және құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курстан өткен.
2019 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарлама аясында ҚР жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша біліктілікті арттыру, 2020 жылы ҚР-ның педагогтары мен психологтарына арналған педагог кадрларының біліктілігін арттыру «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері» тақырыбында, 2020 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының «Білім берудің жаңа прадигмасы контексіндегі білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» біліктілікті арттыру, 2021 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тарих мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» біліктілік арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағаттық курстардан өткен.
Сонымен қатар, 2022 жылы Қазақстан Республикасы ЖШС «Өрлеу-РК» оқу орталығының «Буллинг-себептері, формалары, алдын алу» біліктілікті арттыру, «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы біліктілігін арттыру курсының «Білім беру ұйымдарында жағымды тәрбие ортасын қамтамасыз ету» тақырыбында 40 академиялық сағаттық курсына, 2023 жылы «Қазақстанның этникалық саясатын білім беру мазмұнында іске асыру бойынша педагогтердің пәндік-кәсіби құзыреттерін дамыту» тақырыбындағы 80 сағаттық курсына, 2024 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Азаматтық қорғау саласындағы даярлық» курсына қатысқан.
Мектеп директоры орынбасарының соңғы кәсіби жетістіктері 2017 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-Тәуелсіз мемлекеттің мызғымас негізі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасап, сол жылы аудандық,облыстық «Үздік құқықтық кеңес» байқауында үздік жұмыс тәжірибесін көрсеткен.
2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының«Мемлекеттік дін саласындағы саясатын іске асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарына, 2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлінің маңыздылығын арттыру мақсатындағы әкелер мен аналар мектебінің онкүндігі» іс-шарасын өткізуге атсалысқан.
2021жылы «Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік сыныпта өз іс- тәжірибесімен бөліскен және «Ұлы Дала елінің кемеңгері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мазмұнды баяндама жасаған.
2021 жылы «Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік сыныпта өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, «Құндылықтарға бағытталған тәрбие қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық шеберлік сыныпта іс-тәжірибесімен бөлісті.
Жамбыл облысы көлемінде «Ата-аналармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік құралы жарық көрді. «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында «Ұл-тәрбиесі ұядан» тақырыбында өткен іс-шараны ұйымдастыруға белсене атсалысқан.
Ол-өз ісінің шебері, оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салған ұстаз. Оның көпжылдық еңбегі мен педагогикалық шеберлігі тек мектеп қауымдастығы арасында ғана емес, аудандық және облыстық деңгейлерде де жоғары бағалануда.
Білім беру саласындағы жемісті жұмысы үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-Тәуелсіз мемлекеттің мызғымас негізі» (2017 жылы) тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жасаған мазмұнды баяндамасы үшін Алғыс хатпен, сол жылы облыстық «Үздік құқықтық кеңес» байқауында үздік жұмыс тәжірибесін көрсеткені үшін І орынмен, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Диплом» облыстық «Үздік кеңес байқауында белсенділік танытып, «Шығармашыл» номинациясымен марапатталған.
2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың «Мемлекеттік дін саласындағы саясатын іске асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен, 2020 жылы облыс әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Үздік тәрбие жүйесі» тақырыбында өткізілген облыстық байқауының ІІІ дәрежелі дипломын, Қазақстан тарихы пәнінен «Педстарт» Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып 3- дәрежелі дипломын, 2021 жылы Daryn.online білім платформасы мен Qastest.kz Республикалық пәндік олимпиадасында тарих пәні бойынша І дәрежелі диплом, 2021 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасын алған.
2021жылы Республикалық «Үздік педагогикалық идея» байқауында «Қазақ хандығының қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлі» тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама ұсынғаны үшін І дәрежелі диплом иегері атанған.
«Құндылықтарға бағытталған тәрбие қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық шеберлік сыныпта іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен (2022 жылы), ҚР Президенті қоры сыйлығының иегері «QAZTEST.KZ» сайтында Алтынсарин тарихы пәніне өткізілген мұғалімдердің қашықтық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен, «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары және білім саласына қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың Алғыс хатымен, «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында «Ұл-тәрбиесі ұядан» тақырыбында өткен іс-шараны ұйымдастыруға белсене атсалысқаны үшін «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен, «AМANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д.Бейсенқұловтың «Мұғалім күні» кәсіби мерекесіне орай Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту минстрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастырған «Үздік ашық сабақ» облыстық байқауының ІІ орын иегері атанса, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының Алғыс хатын алған.
2024 жылы қазан айында және 2026 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.
Қазіргі таңда Гүлзипа Тұрғынбайқызы асыл жары Думан Кәдірбайұлы екеуі бір қыз, екі ұл тәриелеуде. Жолдасының қолдауымен әлі талай белестерді бағындыратынына сенімдіміз.
«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі – білім беру саласындағы елеулі еңбегі үшін берілетін ең беделді марапаттардың бірі. Бұл атаулы төсбелгі педагогтардың жаңашылдыққа ұмтылысы мен озық тәжірибесін мойындайтын жоғары марапат болып табылады. Гүлзипа Тұрғынбайқызының осындай марапатқа ие болуы оның білім саласындағы қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.
Камели Сүлейменова, «Sarysý»