Жүзден жүйрік атанды

0

Ауданымызда өнерлі жасөспірімдеріміз байқауларға қатысып, жүзден жүйрік шығуда. Әсіресе қылқалам шеберлері республикалық, облыстық жарыстарда салған туындыларын көрмеге қойып, көрермендердің көзайымына айналып келеді.
Жуырда Астана қаласында «Білім айнасы» республикалық ғылыми -танымдық басылымның редакция­сы ұйымдастырған жас суретшілерге арналған «Бояулар құпиясы: Менің ауылым» тақырыбында конкурс өтті.
Осы жарыста Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер сыныбының мұғалімі Қ.Байулиевтің оқушылары Орынбек Аят, Әбілда Нұрсұлтандар қатысып, І-орындармен марапатталды.
Жас суретшілер өнер айдынында аудан, ауыл намысын қорғап, қазақ өнерін әрмен қарай дамытуға үлес қосатындарын жеткізді.

«Sarysý»-АҚПАРАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.