Рухани кеш

0

Биыл аймақта кітап оқу жылы болып жарияланды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру. Осыған орай Ақтоғай ауылында ақын, қоғам қайраткері Рафаэль Ниязбековты еске алуға арналған рухани кеш өтті.
Фойеде ақынның шығармашылығына арналған сурет көрмелері қойылып, келушілер назарына ұсынылды.
Аталмыш кеште аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов ақынның өмір жолы мен шығармашылығын тілге тиек етті.
Кеш барысында ауылдық клуб жетекшісі Гүлсім Бабанова ақынның шығармашылығына арқау болған шараның жастар үшін маңызды екенін айтса, ауылдық кітапхана меңгерушісі Жазира Сапарбаева Рафаэль Ниязбековтың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды. Сондай — ақ, ауылдық округ ардагерлерінен құралған «Шабыт» тобы ақынның сөзіне жазылған әндерді әуелете шырқады.Мектеп өнерпаздары жырдан шашу шашты. Сондай — ақ, Рафаэль Ниязбекке арналған көрініс көпшілікті әсерге бөледі. Ақын Самат Тоқбанов жүрекжарды жырын оқып берді. Іс-шараға қатысқан бірқатар азаматтар мен оқушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Sarysý»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.