Құрмет көрсетілді

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков энергетиктерді қабылдады.
Кездесу барысында Нұрлан Оңғарбекұлы сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап: «Энергетика – ел экономикасының күретамыры, халықтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Қандай ауа райында болмасын, тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп, жарық, су және жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп келе жатқан сіздердің еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Аудан басшылығы тарапынан бұл салаға әрдайым қолдау көрсетіледі, — деді.
Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі А. Қасымбеков, аудандық электр жүйесін тарату мекемесінің басшысы А. Орынбеков пен «Жаңатас-Су-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А.Абилов те ізгі тілектерін жолдады.
Кездесу барысында ауданымыздың экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін бірқатар сала мамандарына «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, Жамбыл облысы әкімінің, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары тапсырылды.

С. РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.