АУЛА КЛУБТАҒЫ ІС-ШАРА
«Жаңатас қалалық аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Республика күніне орай «Алға, Қазақстан!» тақырыбында мерекелік іс–шара өткізілді.
Концерттік іс–шараны ағылшын үйірме жетекшісі Шегебаева Жансая жүргізді. Мерекелік іс–шара Қазақстан республикасының әнұранымен басталды. Тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетті. «Балауса» тобының тәрбиеленушісі Әбіш Несібелді «Катюша», Айдарқызы Назира «Тәуелсіз ел ұраны» әндерін орындады. Топтың тәрбиеленушілері іс-шараны «Алға, Қазақстан!» флешмоб биімен аяқтады.
Г. Шонбаева, Бұқаралық бөлім меңгерушісі