Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Ж.Отарбаев атындағы орта мектепте Республика күніне орай «Алға, Қазақстан!» атты патриоттық флешмоб ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ел бірлігін дәріптеу және тәуелсіз елімізге деген мақтаныш сезімін ояту болды.
Флешмобқа 7–11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Олар Қазақстанның туын желбірете көтеріп, әдемі композиция жасады. Сонымен қатар, «Алға, Қазақстан!» ұрандармен ән мен би қимылдарын орындап, күн мен қыран бүркітті бейнеледі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және барша қазақстандықтар!
Сіздерді ұлт мерекесі — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — халқымыздың азаттық пен тәуелсіздікке ұмтылған асқақ рухының белгісі. Республика — біздің бірлігіміздің, ынтымағымыздың және ортақ мақсатымыздың нышаны.
Света Төлеутаева,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары