Ұстаз-ұлағатты тұлға

0

Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бала-біздің болашағымыз, жас ұрпақ тәрбиесінде мектеп пен ұстаздың алар орны ерекше. Балалардың мектепте алған рухани азығы олардың алдағы өмір жолына бағыт-бағдар бермек.
Қай заманда да кез келген жетістік пен жаңалықтың басында білім мен ғылым тұратындығы баршамызға аян. Сол жетістік пен жаңалықты ашатын адамды, тұлғаны қалыптастыратын, ол-ұстаз.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бері елімізде талай жасампаз жобалар, жаңа бастамалар қолға алынды. Бұл жетістіктер өскелең ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі. Мұғалім мамандығы даналық пен жастықтың отын, шығармашылық пен күш-қуатты, мейірімділік пен қаталдықты үйлестіреді.
Ұстаздар шәкірттеріне қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершілікке баулиды, табандылықпен еңбек етіп, биік мақсаттар қоюды үйретеді. Мұғалімнің еңбегі қадірлі, әрі жауапты. Қандай жағдайда болмасын жас жеткіншектердің тәрбиесі басты назарда болып отыр. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында ұстаздарға жүктелер жауапкершілік жоғары.
Елімізде білім саласын дамытуға мемлекет тарапынан баса назар аударылып келеді. Білім берудің жаңа инновациялық даму жүйесі қалыптасуда. Бұл ел ертеңі, ұлт болашағы — жастарға жасалған қамқорлық.
Балалардың сапалы білім алуына, олардың жоғары жетістіктерге жетуіне ауданымызда да жан-жақты жағдайлар жасалуда. Ұстаздарымыздың жеткен толағай табыстары да аз емес. Республикалық, облыстық деңгейде ауданымыздың мектептері жүлделі орындарға ие болуда. Бұл ұстаздардың өз жұмысына деген адалдығы мен тынымсыз тірлігі.
Еліміздің ертеңгі болашағы-жас жеткіншектердің тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаз еңбегі әрқашанда шынайы құрметке лайық.
Қымбатты ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жаңа бастамаларда сәттілік, ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беретін игі қызметтеріңізге табыс тілеймін.
Білімді, бәсекеге қабілетті жастарымыз көп болсын. Оқушылардың игіліктері үшін жасалынып жатқан қамқорлық пен зор қолдаулардың арқасында білімдерін толықтырып, жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа белестерді бағындыруға тілектеспін.

Шаттық Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.