Қарттарға құрмет көрсетілді
Аудан әкімі Сәкен Мамытов Игілік ауылының тұрғыны, ғасыр жасаған Бибайша Өмірбаеваның шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Батыр анаға гүл шоқтарын тапсырып, сый — сияпат жасады.
Абыз ананы құттықтауға аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев, Қазақстан Республикасының Құрметті депутаты, медицина саласының ардагері, қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев те бірге барды. Ғасыр жасаған Бибайша әжей аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, елдің амандығын тіледі.
Мұнан соң аудан басшысы Саудакент ауылының тұрғыны, Тыл ардагері Ермекбай Ақылбеков қарияның және Жаңатас қаласының тұрғындары, қазыналы қарттарымыз Жамбыл Шәдиев пен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бергентай Нұрмаханұлын мерейлі мерекемен құттықтады.
Қарттармен тілдесіп, тұщымды әңгімелерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы арнайы сый-сияпат көрсетіп, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов Жамбыл Шәдиев пен Ермекбай Ақылбеков қарияларға «Ауданның Құрметті ардагері» төсбелгісін тақты.
С.Есқара,
«Sarysý»