Бірқатар жұмыстар сараланды

0

Саудакент ауылында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі Сарысу ауданы бойынша ветеринария саласына қоғамдық мониторинг жүргізу және азаматтардың өтініштерін қарау мақсатында жиын өткізді. 

Жиынға Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің Төралқа мүшесі Арқабек Төлебаев, облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рәфіл Ағыбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Көкей, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сақарап Қырғызбаев, ау­дан­дық ветеринария бөлімінің басшысы Ақылбек Оспанов және ветеринария саласының мамандары қатысты.
Іс-шара барысында ветеринария са­ласындағы түйткілді мәселелер бойынша ветеринар мамандардың өтініштері тыңдалды.
Қоғамдық қабылдау барысында ве­теринария саласына қатысты маман­дар тарапынан бірқатар өзекті сұрақтар кө­терілді. Атап айтар болсақ ветеринар­ия­лық мамандарының мәртебесін заң жү­­зінде айқындау, ветеринариялық қыз­мет көрсететін бір ветеринариялық дәрі­гер­дің нормативтік жүктемесін бекі­тіп, тұрақты айлық жалақыға бекітіп беру, қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және жою жұмыстарын ұйымдастыруды ҚР «Ветеринария туралы» Заңынан алып тастау, «Сібір жарасы» ошақтары тіркелген ауыл-аймақтарда ауыл шаруашылығы жан­уарларын жылына 2 рет екпеден өткізу, мекеменің материалдық-тех­ни­калық базасын толықтырып, жаңарту, мал иелері ҚР «Ветеринария туралы» Заңында көрсетілген міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, мал иесіне жауапты ветеринар маманның заң жүзінде шара қолдана алатын тетігін қарастыру сынды өзекті мәселелерді айтты.
Қоғамдық қабылдау барысында көтерілген сұрақтар мен анықталған мәселелер бойынша жауап берілді.
Аудан әкімінің орынбасары Н.Молда­беков аудан бойынша ветеринария саласында қолға алынып жатқан шаралар турасында сөз етіп, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, кеңес мүшелері тарапынан ай­тылған ұсыныстарды назарға алатынын ескертті.
Мұнан соң ауданымызға жұмыс сапарымен келген облыстық Қоғамдық кеңес делегациясы аудандағы ветеринария қызметінің нақты жағдайын бағалау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.