Заң мен тәртіпті сақтау-ортақ міндет

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында қойылған міндеттерге сәйкес «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында, аталған тапсырманы орындау аясында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ауданымызға іссапармен келіп, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиын басталмас бұрын білім беру ошақтарының оқушылары мен ұстаздары жасаған қолөнер бұйымдары мен қылқалам шеберлерінің суреттері көрмеге қойылды.
Оған зиялы қауым, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғам­дық кеңес мүшелері, түрлі сала мамандары мен белсенді жастар қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Ермаған­бетов ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында көрсетілген «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыру жайлы, мемлекетке қызмет ету-ең құрметті әрі аса жауапты міндет екенін айтты.
Мемлекет басшысы «Қазақстанды жайлы әрі қауіп­сіз мемлекет ету-бәрімізге ортақ міндет. Біз аза­маттардың құқығы мен бостандығын қорғай білуі­міз керек. Ел ішіндегі тыныштық пен тәртіптің сақ­талуын қамтамасыз ету аса маңызды деп атап көрсетті.
-«Әділетті қоғам құру-әрбір азаматтың заң алдында тең болуынан басталады. Қазіргі кезеңде қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыру, әділ­дік принципін нығайту, сондай-ақ әрбір азамат­тың өз еліне деген жауапкершілігін күшейту-күн тәр­тібіндегі маңызды мәселелердің бірі,-деді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыс көле­мінде «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау мақ­са­тында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіл­генін, жоспарға сәйкес, осындай кездесулер кезең-кезеңі­мен өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін кездесулер Тараз қаласы мен Меркі, Талас, Шу және Мойынқұм аудандарында ұйымдастырылып, тұрғындармен ті­ке­лей пікір алмасу арқылы оң нәтижеге ие болып отыр. Солардың жалғасы ретінде бүгін Сарысу ауданында өткізіліп отыр,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов өңіріміздің ең күрделі мәселесі-жоғары боп тұрған жастар суицидіне тоқталды.
Жиында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында негізгі баяндаманы Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еркін Сақыбаев жасады. Баяндамашы жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, ішімдік пен есірткіге қарсы күрес және интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында бірлескен жұмыс қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, әр құқықбұзушылық дерегінің артында нақты адам тағдыры тұр. Сондықтан бұл мәселеге қоғам болып бей-жай қарамау қажет екеніне тоқталды.
Одан кейін адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышов, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Айбек Кадралиев, аудан әкімінің орынбасары Е. Ермағанбетов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарлама жасады.
Басқосуды Серік Сәлемов қорытындылады:
— Заң мен тәртіпті сақтау-еліміздің әр азаматы үшін ортақ міндет. Бұл-тек заң талаптарын орындау ғана емес, ел ішіндегі тұрақтылықты, азаматтардың қауіпсіздігін және мемлекетіміздің берік негізін сақтау жолындағы маңызды қадам. Тек осындай ұстаныммен әрекет еткенде ғана біз Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды бірге қалыптастыра аламыз. Құқықтық мемлекет құру жолында ең бас­ты талаптардың бірі-азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетінің жоғары болуы. Еліміздің болашағы-әділетті, қауіпсіз, тәр­тіпке бағынған қоғам құруда екенін ұмытпайық,-деді. Басқосу соңында жеке қабылдау өткізілді.

Сәулет Рысбекұлы,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.