МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАНДА БОЛДЫ

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова  ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, Ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Ең әуелі Мәжіліс депутаты «Ынталы» су қоймасына атбасын бұрып, су қоймасының жай-күйімен танысты.

Атап айтқанда қойманың   сыйымдылығы 30 млн. куб. метр болатын, аумағы 1021 гектар жерді алып жатыр 1975 жылы пайдалануға берілген.  Су қойма 3 ауылдық округтің егістік жерлерін сумен қамтамасыз етеді. Су қоймасының жағдайы, егістік жерлерді сумен қамтамасыз ету.  Тиісті сала басшылары су қоймасына жүргізілген және алдағы уақытта жүргізілуге  тиісті жөндеу  жұмыстарының барысымен  таныстырды.

Одан кейін халық қалаулысы Өндіріс ауылындағы Ж.Отарбаев атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.  «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жұмыс барысында мердігер компания ауланы көгалдандыру, жүгіруге арналған және волейбол алаңын салу, ғимараттың сыртын қалпына келтіру, су құбырларын жөндеу және асхана мен спорт залды ретке келтіру сияқты құрылысын жүргізуде. Қыркүйек айына дейін аяқтауды жоспарлауда.

Мәжіліс депутаты Гүлдара Алданышқызы мердігер компания өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды, жауапты тұлғаларға бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ сапар барысында Мәжіліс депутаты Маятас ауылындағы 50 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты. Мектептің құрылыс жұмыстары 2023 жылдың желтоқсан айында басталған.  Сала басшылары мен мердігер бүгінгі таңдағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысын көрген Гүлдара Алданышқызы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде және бюджет қаражаты есебінен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.  Маятас ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұржан Қойшыбаев  ауылда су, жарық, барлығы жеткілікті екендігін айтып, тұрғындардың жағдайының жақсы екенін тілге тиек етті.

Сәулет есқараев,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.