Жан-жақты түсіндірілді

0

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында Жамбыл облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы ауданымызға келіп, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ақтоғай ауылында аудан әкімінің орынбасары Ж.Сақыпбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы аясында конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Жамбыл облысынан арнайы келген облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, «Ғұмыр Дария» облыстық ардагерлер газетінің директоры, журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, журналист Миллионов Жаңабай және Тараз қаласы білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының директоры Рахия Есеева сөз сөйлеп, реформаның негізгі бағыттарына тоқталды.
Жиын барысында конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы түсіндіріліп, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Осындай басқосу қала әкімі аппаратының мәжіліс залында жалғасын тапты.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков жүргізіп отырды.
Жиынға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов, Тараз қаласы білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының директоры Рахия Есеева және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы М. Есмұрзаев, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Кездесуде Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен оның қоғам үшін маңызына кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін нығайту, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған конституциялық жаңашылдықтар жан-жақты талқыланды.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Мұндай кездесулер жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен түсіндіруде және қоғамдық пікір қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.