Апта ішінде ауданымызға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев іссапармен келді. Сенаторды аудан әкімі Сәкен Мамытовтың күтіп алып, ауданымызда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарымен таныстырды.
Мәжіліс депутаты С.Арубаев ең алдымен «QazaqSoda» ЖШС кальцилендірілген сода зауыты құрылысымен танысты. Зауыт 2027 жылы толық іске қосылады деп күтілуде.
Мәжіліс депутаты С. Арубаев: -Инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру, инвесторларды қолдау – басты міндет болып отыр. Еліміздің Президенті инвестициялық ахуалды жақсартудың маңыздылығын әрқашан атап өтіп келеді,-деді.
Одан кейін аудандық орталық аурухананың жай — күйін бақылады. Аурухананың жұмысы жоспарға сәйкес жүзеге асуда. Былтыр аталмыш ауруханаға жалпы соммасы 337 млн. теңгеге КТ құрылғысы орнатылып, тұрғындар игілігіне берілген. Бүгінде жаңа аурухана салу қажеттілігі бар.
Сакен Арубаев түйткілді мәселелерді шешуге барынша ықпал ететінін жеткізді.
С. РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»