Бақыт мекені

0

Саудакент ауылдық мәдениет үйі­нің ұйымдастыруымен, ауылдың үлгілі отбасыларын құрмет тұтып, келешек ұрпаққа өнеге ету мақсатында «От­ба­сы-бақыт мекені» атты отбасы мүше­лері­мен кездесу кеші өтті.
Отбасындағы қарым-қатынас мәде­ниеті туралы түсінік беру маақсатында өткен кеш отбасы-Отанның бір бөл­шегі екенін ұғындырып, өскелең ұрпақты жанұядағы сыйластыққа, адамгерші­лік­ке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бір­лікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуді көздеді.
Байқадам ауылдық округ әкімінің орынбасары Жамбыл Құлыбеков: «От­басы-қоғамның негізі, рухани және адам­гершілік құндылықтардың қайнар көзі, еліміздің болашағының іргетасы. Баршаларыңызға зор денсаулық, отба­сы­лық ошақтың жылуына толы ұзақ бақытты жылдар, сондай-ақ, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін»,-деп ізгі ниетін білдіріп, арнайы қонақтарды жанұяның негізін қалыптастырудағы орасан зор еңбектері үшін ауыл әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпаттарды табыс етті.
Ауылдың ардагері Марқаш Мизанбаев отбасы құндылығы туралы, отбасы игілігі үшін талмай еңбек ету керек екенін айтып, отбасы тәлімінің мәні туралы кеңінен тоқталып өтті.
Іс-шара қонақтары үлгілі отбасы Баулыбек Қанат пен Мұқашова Қорлан саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу туралы, келешек ұрпаққа салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сіңіру, бақытты отбасын құрудағы ата-ананың рөлі туралы өмірлік тәжірибелерімен ой бөлісті. Сонымен қатар, кездесу барысында қазіргі заманда болып жатқан түрлі оқиғалар, отбасы берекесі және бала тәрбиесі туралы сұрақтар қойылып, кеш қонақтарының пікірі мен кеңестері тыңдалды.
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің әншілері С.Жұматаев, М.Тұрысбек, З.Ниязбекова, З.Досболовалар «Әже­тай­ым», «Әкешім асыл адам», «Қос бәйте­регім», «Қос қанатым» атты әндерді шыр­қап, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Отбасы-адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
«Отбасының жемісі-тәрбиелі ұл мен қыз» демекші, мақтан етер ұрпағымыз көп болғай!

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.