АТА ЗАҢЫМ — айбыным

0

Конституция-Отанымыздың берік іргетасы. Егемендігі баянды болып, әлемдік қауымдастықтың беделді мүшесіне айналған, демократиялық дамудың сара жолына түскен Қазақстанның саяси, әлеуметтік, экономикалық табыстарына негіз болып отырған да конституциялық қағидаттар. Ата Заңымыздың тарихи тамыры терең екені біз үшін мақтаныш әрі мәртебе. Бабаларымыз ежелден ақиқаттың байрағын желбіретіп, елімізде әділдіктің салтанат құрғанын құп көрген. Ата Заңға құрмет егемендігіміз бен елдігімізге құрмет. Конституцияны тірек ету, заңды сыйлап, оған бағынатын саналы азамат боп қалыптасу толеранттық, тұрақтылық пен ынтымақтың белгісі. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Конституция күні біздерді елдікке, жасампаз істерге бағыттайтын айрықша дата.

Аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Қаламыздағы «Еңбек ерлері» аллеясынан бастау алған шеруде алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімдері әскери парадтық форма киіп, көк туымыз бен Ата Заңымызды салтанатты жағдайда алып жүріп, мәдениет үйінің сахнасына енгізілді.
Шара шымылдығы мемлекеттік ән­ұран­мен ашылды.
Лед экран арқылы «Бабадан қалған сара жол» атты видеоролик көпшіліктің назарына ұсынылды.
Ең әуелі сахна мінберіне аудан әкімі Сәкен Мамытов көтеріліп, барша ау­дан жұртшылығын қастерлі Ата Заң мерекесімен құттықтады.
-Құрметті сарысулықтар!
Қымбатты жерлестер! Сіздерді ел­ді­­гіміз бен өрлігіміздің мерейлі мере­ке­сі Қазақстан Республикасы Консти­ту­­­­ция­сының 30 жылдық мерей­лі ме­­ре­­­кесімен шын жүректен құттық­таймын!
Бұл мереке-ұлт бостандығы мен ел еркіндігінің төл мерекесі! Бұл мереке-еліміздің 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңын қабылдап, әлемге өзін құқықтық, зайырлы, әлеу­меттік және демократиялық мемлекет ретінде жариялаған ұлық мереке! Тәуелсіз Қазақстанның Конституция­сы ел егемендігінің аса маңызды айшы­ғы, тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемле­ке­тіміздің тірегі. Ол қоғамдағы жалпы­халықтық үрдістер мен ұлттық рухани құн­дылықтардың нығайтуының, әр адам­ның және мемлекет негізі саналатын отбасының әлеуметтік жағдайының жақсаруына негіз қалады.

Барша аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отба­сыларыңызға амандық тілеймін! Ел игілігіне арналған еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін!
Ата Заңымыздың мерейі мәңгі ұлық болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын,-деп ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, облыс, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ш. Мұсабеков сөз сөйледі.
-Сіздерді Қазақстан Республикасының ең қастерлі мерекесі-Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Конституциясы ата-бабаларымыз құрып, іргесін нығайтқан мемлекеттігіміздің тірегі. Ата Заң ел тарихындағы «Жеті жарғы», «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» секілді заңдардың жалғасы. Сондықтан, бұл мерекенің маңызы зор және арғы тарихы тереңде,-деп, ауданға қосқан сүбелі үлесі үшін бірқатар еңбек адамдарына аудандық мәслихаттың Құрмет және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Кеш одан әрмен жалғасын тауып, аудандық мәдениет үйінің әншілері патриоттық әндерді әуелете шырқаса, «Айжанқыз» халықтық бишілер ұжымы мың бұрала биледі. Сонымен қатар, Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің өнеріне халық қошеметтерін білдірді. Сонымен қатар Тараз қаласынан арнайы «Номад» тобы әннен шашу шашып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елдік рухты асқақтатты.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.