Туған жерге тарту!
Туған жерге ізгілікті іс жасаған,
Аға-әпкелер, аман жүрші әрқашан.
Қазақтың қос боз үйі жарасып тұр,
Әшір атам ауылындағы саябақта…
Қазақ: «Туған жерге туыңды тік»-деп бекер айтпаған. Патриотизм- кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа деген сүйіспеншіліктен бастау алады.
Қай жерде, қандай қызметте жүрсе де атамекенін, туған жерін бір сәт естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептеп, перзенттік парызындай сезінетін нағыз азаматтар болады. Әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында туған ауылдарына қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналды.
Биыл да осы дәстүр жалғасын тауып жатыр. Соның бірі, Әшір Бүркітбаев ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебін бітіргеніне келер 2026 жылы 40 жыл толатын 1969 жылы туылған түлектерді айтуға болады. Осы жұмысты бастап, ақбоз үйді орнататын жерді тегістеп, іргетасын құйып жатқан ағаларымызға арнайы барып, жұмыстарына сәттілік тілеген кезімізде, құрылыс басында жүрген ағаларымыз:
-«Келесі жылы алтын ұя мектебімізді бітіргенімізге 40 жыл болады. Елдің ақыл айтар ағалары мен ақ жаулықты аналарына айналдық. Осынау мерекеде біз сыныптастарымызбен ақылдасып, өткен жылы 1968 жылы туылған алдыңғы буын ағаларымыздың бастап жасаған ауылдағы «Ардагерлер саябағына» қазақтың ақбоз үй жалғыз болып тұрған соң, екеу болып жарасып тұрсын деген ниетпен осы қазақы киіз үйді орнатып, сыйға тарттық және осы берекелі де мерекелі күз айында жасамасақ қысы алты айға созылатын туған ауылымыздың көктем мезгілінде жері лай-батпақ болып, үлгермей қаламыз ба деген оймен осы уақытта жасап жатырмыз», – деді.
Ауылдан тысқары, әр қиырда жүрсе де туған жерлеріне, оның ішінде бақытты балалық шақтары өткен ауылдарына деген сағыныш сезімі лаулаған ағаларымыз бен әпкелерімізге алғысымызды айтып, есімдерін газет бетіне жазып, неге шартарапқа жар салмасқа. Төменде аттары аталған аға-әпкелеріміз:
Жұмаділдаев Серік, Жұмағұлов Ертай, Серкебаев Боранбай, Есжанов Қайрат, Төребеков Сәкен, Шүленбаев Жұмабек, Шортанбай Шоқан, Рахманов Кенжебек, Омаров Болат, Бойтанов Бақытжан, Рамешев Әуелхан, Бабажанов Ерлан, Сәрсенов Біржан, Шайдазимов Болатхан, Айнабеков Сәкен, Асанқұлов Кәрім, Алмабаев Еркін, Ақәділов Бақыт, Арапов Жамбыл, Сұлтанбекова Ақтолқын, Үнипақызы Ақбала, Ережепова Гауhар, Жақсылықова Нұрбала, Кеңесбекова Ғалия, Жұмағұлова Анар, Қарғабаева Рәткүл, Ильясова Жамила, Үмбетқұлова Ләззат, Кемалова Қалдыгүл, Тәңірбергенова Гүлжаhан, Оспанова Рая, Абдуллаева Сәнам, Ыдырысова Ғалия, Жүнісова Шакизат осы түлектердің атын атап, бүкіл Түркістан ауылдық округі тұрғындарының атынан алғыстарын білдіргеніміз, кейінгі өскелең ұрпақ үшін де, ой-саналарында қалатын тәлім-тәрбиенің бір үлгісі деп қарағанымыз жөн.
Елі үшін осы игі істі ұйымдастырып, татулығы жарасқан, ауызбірлігі мен достастығы үйлесім тапқан азаматтарға алғысымыз шексіз!
Өзгеге үлгі боларлық бұл бастама әрі қарай жалғасын табатынына сеніміміз мол.
Жанысбек Байысбекұлы,
Түркістан ауылдық округі