Еңбекші елдің епті жастары

0

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ЖӘНЕ КЕНШІЛЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «ЕҢБЕКШІ ЕЛДІҢ ЕПТІ ЖАСТАРЫ» АТТЫ СПАРТАКИАДА ӨТТІ.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаев жастарға әрқашан үлкен сенім артып: «Жастар-еліміздің болашағы ғана емес, ел дамуының да қозғаушы күші. Білімді, еңбекқор, отаншыл жастар ғана Қазақстанды өркендетеді», – деп атап өткен болатын. Сондықтан 2025 жылды «Жұ­мыс­шы мамандықтар жылы» деп жария­лағаны белгілі. Бұл бастама еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға, жастарды жұмысшы кәсіпке тартуға және еңбек адамының мәртебесін арт­тыруға бағытталған.
Осыған орай Жастар ресурстық ор­та­лығы «Жұмысшы мамандықтар жы­лы» және Кеншілер күні мерекесіне орай Сарысу ауданындағы жұмысшы жас­тар арасында «Еңбекші елдің епті жас­тары» атты спартакиада ұйым­дас­­­­тырды. Шараның негізгі мақ­са­­­­­ты-кәсіпорын қыз­меткерлерінің ара­­­­сын­дағы әріптес­тік пен достық қар­­­ым-қатынасты ны­ғай­ту, жастар ара­­­сын­да салауатты өмір салтын на­сихат­тау және бұқаралық спорт түр­лерін да­мы­ту болып табылады.
Жарысқа ауданымыздағы ірі кәсіп­орындар-«Казфосфат» ЖШС «Қаратау» ТКӨК, «QAZAQ SODA», «BI Industrial» және Сарысу аудандық электр желі­сінің қызметкерлері қатысты. Барша жұмысшы жастар үшін ерекше мәнге ие шарада бас қоса отырып, еңбек адамының мәртебесін көтеріп қана қоймай, жастардың достығын, ұйым­шылдығын арттырған маңызды сәт болды.
Спартакиаданың ашылу салтана­тында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы Ермағанбетов құт­тық­тау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәт­­тілік тіледі. Сондай-ақ «Жастар ре­сурстық орталығының» директоры Мадина Пірімбек жарысқа қатысып жатқан командаларға алғысын білдірді. Спартакиада қол күресі, муляж көтеру, дартс ату, суда жүзу, арқан тарту сайыс түрлерінен өтті. Тартысты өткен бәсекеде спортшылар өздерінің ұйым­шылдығы мен ептілігін танытып, жеңіс жолында аянбай тер төкті. Төрешілердің есептік нәтижесінде «QAZAQ SODA» командасы І орынды, «Қазфосфат» ЖШС «ҚАРАТАУ» ТКӨК командасы ІІ орынды, «BI Industrial» командасы ІІІ орынды алды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Аудандық электр желісінің командасы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
«Еңбекші елдің епті жастары» спар­такиадасы-болашағымыздың еңбек­қор, жігерлі әрі ұйымшыл ұрпақ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жастардың тек күш-қайратын емес, ұйымшылдығы мен достығын көрсетті. Осындай рухты шаралар еңбек адамының абыройын асқақтатып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Ж.Қыстаубаева,
«Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.