Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

0

Құрметті ауданымыздың құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Құрылысшы күнімен шын жүректен құттықтай­мын!
Құрылыс-экономиканың маңызды және дамыған салаларының бірі.
Қай заманда болмасын құрылысшы мамандығы зор құрметке ие екені белгілі. Құрылысшы-адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық, қоғамға қосар үлесі орасан зор. Адамдардың өмір сүру сапасы да, ел мен өңір экономикасының серпінді дамуы да құрылысшылардың жасампаз еңбектеріне байланысты. Құрылысшыларымыздың кәсіби мамандықтары мен шеберліктерінің арқасында жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік саладағы жаңа ғимараттар мен сауда орталықтары, жолдар және көптеген басқа да маңызды нысандар салынуда.
Құрылысшылардың белсенді қатысуымен ірі инвестициялық жобалар, оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру бойынша жобалар іске асырылуда. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құрып, бюджетке салық аударымдарын ұлғайтуға, әлеуметтік және тұрғын үй нысандарын салу бойынша жұмыстарды жандандыруға мүмкіндік береді. Тәуелсіз жылдары елімізде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Құрылысшылар еліміздің гүлденуі мен оның халқының әл-ауқатына қол жеткізуге өзінің қомақты үлесін қоса отырып, саланың одан әрі серпінді дамуын қамтамасыз ететініне сенімдіміз.
Ауданымызда да бірқатар құрылыс нысандары бой көтеріп, өңірдің дамуында айрықша орын алуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Жаңатас қаласындағы бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіру бағытында жұмыстар атқарылып, халық игілігіне берілуде. Жекелеген тұрғындар да жаңадан жер учаскелерін алу арқылы тұрғын үйлер тұрғызуда.Көше жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аулалар көріктендірілуде. Жаңатас қаласы мен елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету шаралары атқарылуда.
Қадірлі құрылысшылар!
Төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасы­ларыңызға амандық, ынтымақ пен береке, еңбекте табыс тілеймін. Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!

Шаттық Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.