Жеңімпаздар марапатталды

0

12 тамыз-Халықаралық жастар күніне орай, Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жастар арасында жағажайда волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етіп, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етті.
Жарысқа жалпы саны 11 команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жас спортшылар командалық рух пен ұйымшылдықты жоғары деңгейде танытып, өздерінің шеберліктері мен дайындығын дәлелдеді. Жарыс әділ әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия­сының түлектері, 2-орынды Ә.Бүркітбаевтың жастары, 3-орынды Түркістан командасы жеңіп алды.
Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал қалған командаларға жарысқа белсенді қатыс­қандары үшін ынталандыру сыйлықтары берілді.

Сәулет Рысбекұлы,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.