БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

0

Ел Президенті үнемі жастардың дамуына, білім алуына және өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау қажеттігін атап өтеді. Сол себепті мемлекет жастардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынып келеді.

Қазіргі таңда елімізде жас кәсіпкерлерді, ғалымдарды, өнертапқыштарды қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы орайда Жаңатас қаласындағы орталық саябақта «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты аудан әкімінің оқушылармен кездесуі өтті. Кездесуге ауданымыздағы көшбасшы жастар қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы жастарға жылы лебізін арнап, болашақтың кілті — жастардың қолында екенін айтты: — Сіздер келешегіміздің кілті – білімді, бәсекеге қабілетті жастарсыздар.Осы кездесуде – жаңа ойлармен, тың идеялармен бөлісетін, болашағымызды бірге бағдарлайтын маңызды сәт. Біздің заманымыз – білім мен технологияның, жаңашылдық пен озық ойдың заманы. Кез келген елдің табысты болуы – оның жастарының біліміне, еңбексүйгіштігіне және жаңашылдығына байланысты. Сіздер – еліміздің болашағысыздар! Әрқайсыңыз өз ісіңізде үздік болып, туған жерлеріңізді, еліңізді көркейтуге үлес қосасыздар деп сенемін, — деген аудан басшысы жастарды қашан да белсенді болуға шақырды. Жастар өз кезегінде өнерлерін көрсетіп, кездесудің көркін кіргізді. Аудан әкімі Сәкен Мамытов өнерлі оқушыларға кәдесыйларды естелік ретінде тапсырды. Кездесу сұрақ-жауаппен алмасып, жастар аудан басшысына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Жастар ресурстық орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.