Кездесу өтті

0

Апта ішінде аудандық прокуратурада облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров кәсіпкерлермен және инвесторлармен кездесу өткізді.

Кездесуге аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркенов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, ауданымыздағы ірі кәсіпорындар «Қазфосфат», «ЕвроХим», «Qazaq Soda» және де тағы да басқа компания басшылары қатысты.
Облыс прокуроры Н.Әбдіров күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жан-жақты айтып өтіп, облысымызда атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Кәсіпорын басшыларымен кен орындарында бар проблемалық мәселелер мен әлеуметтік саланы одан әрі жетілдіру перспективалары талқыланды.
Өз кезегінде еңбек ұжымдары өндірісте жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын атап өтті.
Қатысушылар осындай форматта өткізілген кездесуді және осындай диалог алаңында өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігін оң қабылдады.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.