“Балық Fest” жарысы өтті
«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Қамқалы ауылдық округіне қарасты Үлкен Қамқалы көл маңында “Балық Fest” атты балық аулау жарысы өтті.
Жарыстың басты мақсаты-жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және табиғат аясында салауатты демалыс үлгісін қалыптастыру.
Ауыл жастары жарысқа белсене қатысып, балық аулауда өздерінің шеберліктері мен ептіліктерін көрсетті. Ерекше жылдамдық пен икемділік танытқан қатысушылар жеңімпаз атанды.
Жарыс нәтижесі бойынша:
1-орынды Жеңіс Ерман қанжығасына байласа, 2-орынды Сейітқұл Нұртай жеңіп алды. Ал, 3- орынды Тіленші Ерсұлтан қанағат тұтты.
Жарыс жеңімпаздары диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша осындай игі шаралар жастар арасында бұдан әрі де жалғасын табатын болады.
Сәулет Есқара,
«Sarysý»