Ұлттық қазынамыз- ұлт мүддесі

0

Құрметті жерлестер!
Сіздерді қазақ ұлтының рухын, сипатын бейне­лейтін, ұлтымыздың мұрасына айналған Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке-Ұлы Даланы мыңдаған жылдар бойы мекен етіп, өр рухын мәңгі сақтаған ата-баба­лары­мыздың домбыраға деген құрметінің жалғасы.
Домбыра-халқымыздың ерекше және айтулы тарихы, қазыналы аспабы.
Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі халқы­мыз­дың домбыраға деген құрметінің көрінісі. Асыл қасиет пен өнеге-өсиетке толы ұлттық құнды­лығымыздың кұны қашан да жоғары. Тарихы сонау тереңге созылған домбыраның үні халқымызбен бірге жасасып келеді.
Сан тараулы оқиғаларды бастан кешкен ата-бабаларымыз дәуірдің тынысы мен заманның ағы­нын күмбірлеген күй арқылы жеткізген. Күй атасы-Құрманғазыдан бастап, Тәттімбет, Дина, Дәулеткерейлер домбыраның қасиетін ұғынып, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Адам жан-дүниесінің сарайын ашып, сырлы сазға жетелейтін күйдің әсері де бөлек. Бірде Құрманғазының «Адайын» естігенде тұлпардай арындап, құйғыта шапқың келсе, Дина апамыздың «Тойбастар» күйі бойыңды еріксіз күш-қуатқа бөлейді. Тәттімбеттің сырлы күйін тыңдап, муза мен мұзар шыңға ұмтылып жатасың. Міне, таза табиғи талант, ғажап әсер.
Күйшілерден бөлек, жыршы-термешілердің, әншілердің өзі-бір төбе. Олардың әрқайсысының шығармашылығы-туған жер тарихының бір бөл­шегі. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен құндылы­ғымыздың ел үшін маңызы зор. Боямасыз өмірдің сыры мен қырын ұқтырып, көңілге сан ойларды салатын ұлттық аспаптың ұрпақ үшін берері мол.
Ауданымыздың өнер, саз мектептері де өнер­лерін көрсетіп халықаралық, республикалық, об­лыстық күйшілер байқауларында жүлделі орын­дарға ие болуда.
Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі жастары­мыздың ұлттық өнерге деген ықыласына, дом­быраға деген қызығушылығының артуына игі әсер етеді. Ұлттық құндылығымызды ардақтап, айбынды ұрпаққа насихаттау-басты парызымыз болып қала бермек.
Ардақты ағайын!
Мәдениетіміздің мәйегі, дәстүріміздің діңгегі, жүрек тербеткен сазды үні- домбырамыз мәңгілік жасай берсін. Домбыра-біздің ұлттық өнеріміздің мәртебесі, ұлтымыздың мерейі биіктей берсін!

Шаттық Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың
төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.