ҚР Парламенті мәжілісінің депудаты Гүлдара Нұрым ауданымызда
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрым ауданымызға іссапармен келді. Мәжіліс депутатын аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев, мекеме және бөлім басшылары қарсы алды.
Халық қалаулысы ең әуелі Саудакент ауылдық емханасында болып, емхананың жұмысымен танысты. Саудакент ауылдық бөлімшесі 1987 жылы салынған, 3 қабатты ғимарат. Жалпы алаңы 2559,3. Саудакент ауылы Қаныш Сәтбаев көшесі №29 мекенжайында орналасқан. Саудакент бөлімшесі бойынша, емхана, терапия бөлімі, балалар бөлімі, жұқпалы аурулар бөлімі жұмыс жасайды. Емхана-1, 100 келушіге арналған. Жалпы тәжірибелі дәрігерлер 3- аймақ бар. Терапия бөлімі-12 төсек; Балалар бөлімі-4 төсек; Жұқпалы аурулар бөлімі барлығы 15, ересектер төсегі-10, балалар төсегі-5 Саудакент ауылында «Халықты тіркеу жүйесі» (РПП) бойынша тіркелген тұрғындар саны-4174.
Емхананың жұмысымен танысу барысында бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет, сондай — ақ, жұмыстың сапасын арттыруға қажетті құрал-жабдықтар керек. Мәселені тыңдаған Гүлдара Алданышқызы Заң аясында жауап беріп, алдағы уақытта оң шешімін табатындығын жеткізді.
Одан кейін мәжіліс депутаты Жайылма ауылдық округіне атбасын бұрды. Мұнда ауыз су өзекті мәселеге айналып отыр. Тұрғындармен кездесу барысында жергілікті тұрғындар ауыз су мәселесін шешу туралы ұсынысын айтты. Бүгінде Жайылма ауылына үш сағат қана су берілсе, Маятас ауылына 1 сағат қана ауыз су беріледі. Тұрғындардың өтінішіне құлақ асқан Мәжіліс депутаты мәселені республикалық деңгейде көтеретінін айтты.
Халық қалаулысы Гүлдара Алданышқызы аудан орталығы Жаңатас қаласындағы апатты деп танылған «Болашақ» бөбекжай бақшасының жай-күйімен танысты. Бүгінде ЖШС «Тараз Прогресс» 2025-04-04ж. бастап өз жұмыстарын орындауда, келісімшарт бойынша жұмыс басталу актісіне қол қойған күннен бастап 6 ай мерзім ішінде жұмыстарын толық бітіріп өткізуі қажет. Күрделі жөндеу жұмыстарын бақылаған Мәжіліс депутаты оң бағасын беріп, мердігерге құрылысты уақытылы аяқтауды тапсырды.
Одан кейін Жаңаарық ауылдық округі, Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы «Сарысу» орта мектебінде болды. Аталмыш мектеп 1972 жылы ашылып, пайдаланылуға берілді. Мектеп 200 оқушыға арналған. Мектепте 167 оқушы, 7 тәрбиеленуші бар. Балалардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған шахмат, волейбол, тоғызқұмалақ және асық ату үйірмелері жұмыс жасайды. Іссапар барысында мектепке су кіргізу мәселесі, сектепте акт зал салу, газ мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі