Қылқаламды сөйлеткен Ай-Қанат!
Пленэр көптен бері байқау көрмелеріне әзірліктің белсенді де пәрменді формасына айналып үлгірген. 2010 жылғы жазда алғаш рет бір күндік екі плэнер өткізілген еді. Оның біреуі Өскемен қаласы маңындағы Ақбауыр шатқалында өткізілді. Ол-неолит дәуірі мәдениетінің бірегей ескерткіші, астроархеологиялық кешен, әлі де ашылмаған құпиялары көп көне заманның ғылым ордасы. Екінші плэнер Бұқтырма су қоймасының әсем жағалауындағы «Алтайская бухта» демалыс базасында өткізілді.
Пленэрлер қорытындысы бойынша музейде этюдтер көрмесі өткізілді: музейге келушілер суретшілердің жұмыстарын сүйсіне тамашаласа, ал қылқалам шеберлерінің өздері әріптестерінің «ішкі жан-дүниесіне үңілуге» мүмкіндік алды. Көрмеге қойылған көптеген этюдтер одан кейінгі байқау шығармаларына негіз болды. Айта өтейік, биылғы жылы 9-10 маусым күндері Шу ауданында “Көне Баласағұн” атты облыстық пленэр-байқауы өткізілді.
Байқауды ұйымдастырушылар МО және МТІШӨ облыстық орталығы мен Төле би ауылының балалар-жасөспірімдер орталығы.
Байқау қатарынан екі күн болды. Іс-шараға қатысушылар Шу бойындағы бал-бал тастар мен көне Баласағұн қаласына саяхат жасай отырып, ашық аспан аясында берілген композициялық тапсырма бойынша қара қаламмен сурет салды.
Байқау нәтижесінде ауданымыздан барған “Бейнелеу өнері және СҚӨ” бөлімінің мұғалімі К.Хусайнова бас жүлдеге ие болып, дипломдармен марапатталды.
Байқау өте қызықты өтті. Рухани азық алған сайысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Камели Сүлейменова,
«Sarysý»