Кітап-алтын қазына
«Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы-Жамбыл облысында 2025 жылы бастау алған ауқымды мәдени-ағартушылық бастама. Бұл жоба облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты-өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру. Жоба аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Озық ойлы ұлт болудың басты жолы-кітап оқу» тақырыбында Арғынбай Бекбосынның шығармаларын насихаттап, түрлі іс-шаралар өткізілді. Әр бірлестік Арғынбай Бекбосынның шығармаларынан үзінділер оқып, интеллектуалдық сайыс, оқырмандар конференциясы, портреттік кеш, достық қонақжай кештері, пресс-карта, эссе байқауы, кроссворд, көріністер, театрландырылған сахналық қойылым қойды. Жоба аясында насихатталып жатқан кітап оқу ісіне оқушылар мен ұстаздар белсене атсалысты. Жоба аясында атқарылған жұмыстар нәтижесінде 27 мамыр күні Арғынбай Бекбосынның шығармашылығына қорытынды іс-шара өтіп, осы іс-шараға белсене атсалысқан мұғалімдер мен оқушылар «Ең үздік бірлестік», «Үздік бірлестік», «Үздік мұғалім», «Үздік сынып», «Үздік оқырман» номинацияларымен марапатталды. «Ең үздік бірлестік» номинациясымен «Бастауыш сынып және МАД пәндер бірлестігі» жетекшілері Ниетбекова Динара мен Ахатаева Гүлназ, «Үздік бірлестік» номинациясымен Шетел тілдері пән бірлестігінің жетекшісі Махашева Айгерім, «Үздік мұғалім» Сәрсенбай Рысты, Тойжанова Эльмира, Жәкешов Бекболат, Әбдуайыт Әділет, Малхарова Назерке, Күльбаева Сағадат, Мамбетова Шынар, Тоғайбаева Мақпал, Берген Айбол, «Үздік сынып» номинациясымен Мырзахмет Ақмарал, Бекмаханбетова Мөлдір, Нөгербекова Ақмарал, Қосбаев Нүркен, Омар Еліктер марапатталды.
Қорыта келе, «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы-өскелең ұрпақтың білімге, рухани байлыққа ұмтылуын қолдап, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Жоба аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жастардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға септігін тигізді. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, оқырман ұрпақты тәрбиелеуде маңызды құрал болмақ.
Б.Сапеева,
мектептің кітапханашысы