Ардагер журналист-жазушы оқырмандарымен кездесті

0

Ағымдағы жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ардагер журналист-жазушы Майлыбай Смағұлов «Журналистика мен әдебиеттің ұштасқан жолы» деген тақырыпта кездесу кешінде оқырмандармен кездесті.

Кездесуге қаладағы медициналық институттың студенттері, ғалымдар, қа­лам­герлер, білім саласының арда­герлері, оқырмандар қатысты. Кешті модера­тор-Ұлттық кітапхана қызметкері Дамир Журманов жүргізіп отырды. Басқосуда Д. Журманов ҚР Ұлттық кітапхананың директоры Ғ. Құдайбергенқызының және кітапхана ұжымының атынан авторды 75 жасқа толуымен шын жүректен құтықтап, шығармашылық жолында табыстар ті­леді. Одан кейін Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті Имашев Қуаныш өмір туралы термені орындады. Одан әрі жүргізуші оқырмандарды мерейтой иесінің шығармашылық жолымен таныстырып өтті.

Майлыбай Смағұловтың өмір жолына тоқталып өткенді жөн санадық.

1950 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданында қазіргі Жаңаарық ауылдық округіне бағыныстағы Ақтоғай ауылын­да дүниеге келген. Орта мектепті Бай­қадам орта мектебінде бітірген. Мектеп қабырғасында 7-сыныпта оқып жүр­генде-ақ журналистикаға бейімділігі бай­қала бастаған. Ол өзі көрген көрі­ністерді қаз-қалпында өлеңге қоса біл­ген. Бір маскүнемді көрген жас бала оның жүрген жүрісі мен тұрған түріне қарап мынандай өлеңге қосыпты.

Араққа тойып, жұмысты қойып,

Асханадан шықпайды.

Теңселген күйде талдың түбін ық­тайды,

Осындай бір жігіт бар, арақпен дос болған,

Бар қызықтан бос қалған,-деп жазыпты.

Өмірдің сан қырлы саласында қыз­метте жүрсе де оның ой-санасы журналистикадан алысқа ұзамаған. Қай қызметте жүрсе де сол қызмет саласындағы жа­ңа­лықтар мен жетістіктерді үзбей жергілікті баспасөзде жазып тұрған. Ұлы Жеңістің 55 жылдығы қарсаңында «Ол күндердің өшпес даңқы» деген ұжымдық кітапты шығартудың бастамашысы болды. Ол кітап сонау алыстағы Сарысу ауданындағы 153 ардагердің өмірдеректерімен соғыстағы ерліктеріне арналып жазылған. Одан кейін Сарысу ауданының құрылғанына 75 жыл толуына орай «Шежірелі Сарысу» атты кітаптың жарық көруіне бастамашы бол­ғанын Сарысу халқы жақсы біледі. Тәуел­сіздік алған жылдары аудандағы білім, мәдениет, денсаулық, спорт саласы жетістіктерін Сарысу ауданының құрылғанына 80 жыл толуына орай «Сарысу-80» деген кітаптың шығуына бастамашыл болғанынан оқырман қауым хабардар.

2013 жылы зейнеткерлікке шыққан­нан кейін Майлыбай Смағұлов шығар­машылыққа біржола ден қойды. Сарысу ауданында алғашқы жаңа типтегі екі қабатты, саз мектебін ашып, оның басшысы болған, Қорқыттан кейінгі Ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлының суретін салдырып, Ықыластың туыстарына көр­сетіп, айналымға жіберген абзал азамат Сәбит Нұркеев туралы «Өнер деп соққан жүрегі» атты кітабы аудан тұрғындарының көңілінен шыққанын айтсақта жеткілікті. Тіпті Ықыластың ту­ған келіні Рәзия апай Ықылас атасының суретін көргенде: «Дәл атамның өзі» деп иіліп сәлем жасағанын Сарысу халқы ұмыта қойған жоқ. Қазіргі Илья Жақанов салдырған суретпен бірге қолданыста жүрген Ықыластың суретімен бірге Сәбит Нұркеевтің суретінің айырмашылығы жоқ десе болады. Осы кезде қаламгердің ойынаҰлы қобызшы Ықылас туралы жазу идеясы туындайды. Себебі ардагер журналист-жазушы Ықылас Дүкенұлының туыстары мен көрші тұрған, қарым-қа­тынаста болған. Сондықтан Ықылас ту­ралы «Ұлы даланың-сарқылмас сарыны» деген кітабын жазады. Бұл кітап та оқырмандар тарапынан жоғары баға­ланған. Ұлылар туралы жазу-ұлылыққа бір табан жақындау деген сөз бар. Бұл ұлы тұлғаны жазу барысында-екін­ші жақтан Халық батыры Бауыржан Момыш­ұлы туралы жазуды қолға алады. Ха­лықтың ары мен намысындай атты кітап өмірге келеді. Бұл кітапты Қара­ғандының «Литера» ЖШС 500 дана таралыммен басып шығарды. Автордың «Ислам-Тәуелсіз еліміздің рухани тірегі», «Өңірде жан барма олардан асқан», Президенттің қазіргі жүргізіп жатқан саясаты әділетті Қазақстан туралы жазуды да автор естен шығармаған. Ол жуырда «Әділетті Қазақстан-әлеуметтік-әділеттілік кепілі» атты кітабын жазып бітірді. Кітап Президенттің қазіргі әділетті Қазақстанның жүріп өткен жолынан оқырманға кеңінен мәлімет береді. Президенттің қазіргі жүргізіп жатқан саясатын насихаттауға арналған. Сонымен қатар, саяси-қуғын сүргін жылдарынан сыр шертетін «Ана қарғысының ақыры» атты повесі де көп жылғы автор­дың ізденісінің жемісі десе де болады. Бұдан әрі модератор автордың 75 жасқа толуына байланысты автордың туған жерінен Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеевтің, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбековтің, Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаевтың, институтта бірге оқыған курстас достарынан, республиканың түкпір-түкпірінен құт­тықтау хаттар келіп жатқанын айтып өтті. Одан әрі Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің құттықтау хатымен оқыр­мандарды таныстырды.

Құрметті Майлыбай Смағұлұлы!

Сізді мерейлі 75 жасыңызбен Жамбыл жұртшылығы атынан құттықтаймын.

Сіз алғашқы еңбек жолыңызды фи­зика пәнінің мұғалімі болып бас­тап, әр жылдары түрлі қызметтерді абыр­ой­мен атқардыңыз. Аймақтың дамуына айтарлықтай үлес қостыңыз. Сарысу ауданы әкімі аппаратында да жауапты жұмыстар атқарып, мемле­кеттік қызметтің бірнеше сатысынан өттіңіз. Кейінгі жылдары Тараз қала­лық әкімдігінде де еңбек етіп, қала­ның саяси-әлеуметтік өміріне белсене араластыңыз. Сіздің ұзақ жылғы еңбе­гіңіз «Қазақстан Республикасының Тәуел­­сіз­дігіне 20 жыл» мерекелік ме­далі­мен, Тараз қаласы және Сарысу ау­даны әкімінің Алғыс хаттарымен аталып өтті.

Сізді көпшілік білім саласының, мемлекеттік қызметтің ардагері ретін­де құрметтейді. Сонымен қатар, Жам­был өңірінің мәдени-рухани өміріне негізделген кітаптарыңыз да оқыр­ман­нан жақсы бағасын алды. Сіздің мем­лекеттік қызметтегі мол тәжірибеңіз бен қаламгерлік қабілетіңіз көпке үлгі екені сөзсіз. Өзіңізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, амандық, жақсылық, отбасыңызға бақ пен ырыс, бірілк пен береке тілеймін!-делінген.

Бұдан кейін сөз алған медицина ғы­лымының докторы, профессор, «академик Уразбай Әбдіразақов автордың «Ислам-Тәуелсіз еліміздің рухани тірегі» атты кітабын оқып шыққанын айтып, кітаптың кейінгі жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиелік мәніне тоқталды. Мен деді, академик бірнеше кітаптың авторымын. Кезінде Рәтбек қажының дін туралы жазған кітабына сыни пікір жаздым. Ал, мына автор Майлыбай Смағұловтың кітабына сын жазуға жүрексініп отырмын. Себебі кітабында мен сынайтын кемшіліктер қалдырмай кетіпті.Мен ав­торға ризамын, деп жүрекжарды пі­кірін айтып өтті. Бұдан кейін сөз алған «Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуе­келді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы Сейітхан Мұратұлы Қуантаев: «Мен авторға батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы туралы жазған «Халықтың ары мен намысындай» атты кітабын жазғаны үшін өте ризамын. Кітаптың жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудегі ролі өте маңызды. Басқа да кітаптарын оқып, зерделі ой, ақыл-парасат түйдім. Авторға шығармашылық жолында зор табыс, жемісті еңбек ті­лейтінін атап өтті. Авторға қоғамдық бір­лестік атынан Алғыс хат табыс етті. Бұдан кейін сөз алған ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауера­ты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының иегері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауераты, философия ғылымдарының кандидаты, Шалқар радиосының директоры Болатбек сөз алып, ардагер журналист-жазушының шығармашылығына зор баға берді. Оның «Шежірелі Сарысу» кітабының жазылуына еңбегінің зор болғанын атап өтті.Бұдан кейін сөз алған білім саласының ардагері Лаура Асантегі шығармашылық жолында авторға шексіз риза екенін атап көрсетті. Майлыбай Смағұловтың журналист-жазушы ретіндегі ерекше бір қасиеті ол кісі еңбегі көзге ілінбей жүрген қарапайым еңбек адамдарын жарыққа шығарып, газет-журнал беттерінде, кітаптарында жазып жүр. Жоғарыда айтылған Сәбит Нұркеев туралы жазған еңбегі соның айқын дәлелі, Сарысу ауданын 19 жыл бойы басқарған менің әкем Асанов Қырықбай туралы жазған кітаптары, мақалалары аудан жұртшылығына қатты әсер қалдырды. Әкем еңбектің адамы еді. Сонымен қатар Сарысу ауданының құрдасы болатын. Сол кісінің тамааша еңбегін шебер тілмен өрнектегені, ол кісі туралы жазған аранау өлеңдері аудан халқының жүрегін елжіретті.Аудан халқы әкемііздің тіршілігінде айтыл­маған, жазылмаған қырын толық таныды десе болады. Майлыбай ағаның кітаптары тек шындыққа, әділдікке ба­ғытталған. Сонымен де құнды. Мен Майлыбай ағаменен мақтанамын. Шы­ғар­машылық жетістіктерін мақтан тұтамын. Бұдан кейін сөзді ардагер журналист-жазушы Майлыбай Смағұлов алып, шығармашылығына уақыт бөліп келген оқырмандарына алғысын айтты. Әр кітабының шығу тарихына қысқаша тоқталды. Менің әр кітабым-әр балам сияқты. Олар маған өте ыстық.

Кітаптарым өмір бойы жинаған,

Өлеңдерім жүрегіме сыймаған.

Кейбіреуге ұстауға да қимаған,-деп Нарша ақын жырлағандай мен кітап­тарымды кітапты түсінетін жандардың оқығанын қалаймын.

Кеше ғана бала едің ғой, келдің ғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпты тұра алмасқа,

Адамды сүй, Аллаһтың хихметін сез,

Не қызық бар дүниеде, одан басқа,-деп Абай жырлағандай бізде біраз жасқа келіп қалыппыз. Оқырмандарыма есеп беруді жоспарлаған едім, бұл жоспарым орындалғанына ҚР Ұлттық кітап­хана ұжымына алғысым шексіз,-деп ри­за­шылығын білдірді. Соңынан мектеп оқушылары бірнеше күйлер тартып, өнер көрсетті.

С. Қуантаев,
Қазақстан ардагерлері
«Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.