ТАРИХТАН ТУҒАН РӘМІЗДЕРІМ

0

Ұлтымыздың басты құндылығы, елдігіміздің айғағы мемлекеттік рәміздер күні аудан көлемінде кеңінен тойланып, бірқатар шаралар өткізілді. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Коворкинг» орталығында кездесу жиыны өтті.

Аталған басқосуға КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бергентай Нұрмаханов, айтыскер ақын Талғат Хұсайынов, қырғыз этно-мәдени орталығының жетекшісі Алтай Сатыбеков, ақын Советкүл Жарылқасынова және ел ағалары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Мерекеге арналған басқосуда келелі әңгімелер айтылып, жиналғандар өзара пікірлер алмасты. Рәміздер ұлықталған шара  концерттік бағдарламамен жалғасты.

***

«Жаңатас қалалық аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Рәміздер тәуелсіздік нышаны» атты топтық іс — шара және балалар саябағында асфальтқа сурет салу байқауы болып өтті. Мерекелік іс-шара топ тәрбиеленушілерінің мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. «Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі Түктібай Мерей «Отаным» әнін шырқады. «Тұлпар» және «Балдырған» тобының тәрбиеленушілері балалар саябағында асфальтқа патриоттық суреттерін салып, құттықтау үндеулерін жолдады.

***

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстанның өткені, бүгіні мен  болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі – мемлекеттік нышандарды ұлықтаған «Тарихтан туған Рәміздер» атты  мерекелік шара өтті. Іс-шара салтанатты түрде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаудан бастау алды. Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қуат Серікхан    рәміздер – ұлт тұтастығының ерекше бедел — бедері, тәуелсіздігіміздің бас-ты құжаты екендігін айтып,  жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауыл ағалары Мизембаев Марқаш, Әмірбеков Жеңісбек, Өзекбаев Майтон, Исанбаев Әбіләхат, Техникалық шығармашылық орталығының директоры  Алжанов Мұстафа, Саудакент ауылдық   мәдениет үйінің директоры Жақсыпейлов Ғазиз  бұл мерекенің маңыздылығына тоқталып, айбынымызды асырған мемлекеттік рәміздерді құрметпен ұлықтау  әрбір азаматтың парызы екенін алға тартты.

Ұлттық рух,  Отанға деген сүйіспеншілік Саудакент ауылдық мәдениет үйінің әншілері Таутаев Мәди, Ниязбекова Замира, Хасанова Ұлжан, Базар Әселдің орындауында ән болып шырқалды.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.