ТАЗА БЕЙСЕНБІ

0

Елімізде «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясын  бастады.12 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны басталғанын мәлімдеген болатын.

 

«AMANAT» партиясы аталған бастамаға қолдау білдіріп, бірнеше бағытта жұмыстануда. Негізгі мақсат — еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын, қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы экологиялық қоғам құру.

Акция аясында аптаның бейсенбісінде Жаңатас қаласының «Ақбұлақ» демалыс орнында акция өткізілді. Тазалық шарасына партия мүшелері, бастауыш партия төрағалары мен мүшелері және «Жастар Рухының» белсенділері қатысты. Акция барысында демалыс орны күл-қоқыстардан тазартылды. Ұйымшылдықпен өткен шара алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

С.қуандықұлы,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.