СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА БОЛДЫ

0

Аудандағы «ЕвроХим — Қаратау» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдерді шығару зауытын салу және пайдалану жобасымен танысу мақсатында ауданымызға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары іссапармен келді.

Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен аудан әкімі Сәкен Мамытов келген қонақтарды күтіп алып, зауыттың құрылыс жұмыстарын аралады. Компания өкілдері құрылыс жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жалпы жобаны іске асыру туралы үкіметаралық келісімді ҚР Президенті 2022 жылғы 21 қаңтарда ратификациялады («ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы» Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану «жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» 21.01.2022 жылғы № 102-VII ҚРЗ Заңы) аясында іске асуда. Жоба өндірістік қуаты жылына 1 млн. тоннаға дейін минералды тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдерді шығаратын химия зауыты.

Сондай-ақ Жамбыл облысындағы «Қаратау» фосфорит бассейнінің кен орындарын игеруді көздейді. Бұл ретте, зауыт экологиялық таза болып табылады және классикалық фосфор өндірістеріне қарағанда, келешекте халық шаруашылығында кеңінен қолдануға болатын фосфогипс емес, кальций хлориді мен синтетикалық гипс жанама өнімдер болып табылады. Жоба екі кезең бойынша іске асады. Бас мердігер — химия саласындағы жобаларға мамандандырылған қытайлық ірі құрылыс-инжинирингтік компаниялардың бірі «CNCEC» (Chinese National Chemical Engineering Company).

Сапар барысында Сенат депутаттары атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарды уақытылы аяқтауды тапсырды.

Самат Тоқбанов,   «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.