Балаға екпенің маңызы қандай?
Вакцинацияның арқасында бүгінде А, В вирусты гепатиті, қызамық, қызылша, эпидемиялық паротит аурулары азайды, ал дифтерия соңғы 5-6 жылда мүлде тіркелмеген.
Ел тұрғындарына екпе салу ісі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 156-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл бап ел азаматтары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жұқпалы, паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға құқылы екенін баяндайды. Вакцинациялау – адам ағзасына вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс. Ол-жұқпалы ауруларға қарсы қазір медицинаға белгілі ең нәтижелі және экономикалық тиімді қорғаныс.
Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, балаларға екпе тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда салынады. Бұл күнтізбе балаларды полиомиелит, туберкулез, қызылша, сіреспе, көкжөтел, В вирусты гепатит, А вирусты гепатит, гемофильды инфекция, дифтерия, эпидемиялық паротит сияқты ауруларға қарсы иммундауды қамтиды.
Перзентханада дүниеге жаңа келген дені сау бала В вирусты гепатитіне және туберкулезге қарсы екпені (БЦЖ) алуы тиіс болса, 1 жасқа дейін полиомиелит, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гемофильді инфекция, пневмокоққа қарсы екпені алуы керек.
Ал, 6 жаста бала туберкулез (БЦЖ), көкжөтел, сіреспе, дифтерия, қызамыққа, қызылшаға қарсы, эпидемиялық паротит, пневмокоққа қарсы екпеге дағдыланады. 16 жаста дифтерия, сіреспеге қарсы екпелер егіледі және әрі қарай әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Көпжылдық талдаулардың нәтижесінде вакцинаға қарсы көрсеткіштер сирек кездеседі. Реакция байқалған кезде елеусіз қызару, вакцина еккен жердің ауырсынуы, дене температурасының сәл артуы байқалуы мүмкін. Сондықтан вакцина еккеннен кейін қандай да бір кері әсері байқалып жатса, тез арада тұрғылықты мекенжай бойынша медицина қызметкерлеріне жүгіну не жедел жәрдем шақыру қажет. Екпе алған соң адам 30 минут денсаулық сақтау ұйымында медицина қызметкерінің бақылауында болады.
Сәбидің қанына анасының жүктілігі кезінде құрсағынан антиденелер енеді.Сондықтан бала туылған сәттен бастап (гепатит В және туберкулез дертінен) екпе жасатқан жөн, өйткені сәби бұл инфекция-лардан мүлде қорғаусыз дүниеге келеді. Басқа жағдайларда, мысалы, туғаннан кейін 6-12 ай өткеннен кейін қызылша мен қызамық ауруларына антиденелердің концентрациясы азаяды. Сондықтан балаға 12 айдан бастап қызылша мен қызамық ауруларынан екпені алу керек. Вакцинация қаншалықты ерте басталса, соншалықты сәби инфекциялық ауруларға шалдықпай, оның иммунитеті қалыптасады.
Б.Шиналиев,
Жамбыл облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Ит пен мысыќ ўстаудыѕ ґз ќаєидалары бар
Еліміздегі «Ветеринария туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленген. Сондықтан да иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында иттер мен мысықтардың ауруларына қарсы профилактикалық шараларды жүргізу тәртібін реттейді.
Тұрғындар өз жауапкершілігіне алған иттер мен мысықтарды жергілікті атқарушы органдарының ветеринария бөлімшелерінде тіркеп, есепке қоюға міндетті. Есепке алынғаннан кейін әрбір ит пен мысыққа иелерінің есебінен ветеринариялық паспорт беріледі.
Иттер үш айлық, ал мысықтар екі айлық жасынан бастап тіркеуге жатады. Жануарлар ұйықтатылғанда немесе өлген жағдайда, оның ветеринариялық паспорты мен жетоны ветеринариялық бөлімшеге өткізіледі.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын (2022 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енді) басшылыққа алып, тиісті алгоритм бойынша жұмыс жүргізеді. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты жануарларға қарауды құқықтық реттеу, оларға ізгілікті қарау болып табылады. Заң жобасы азаматтардың адамгершілік тәрбиесінің идеологиясын жануарларды ұстаудың моральдық және адамгершілік принциптерін қалыптастырады. Заң мынадай принциптерге негізделген:
-жануарларға ауру мен физикалық азапты сезетін тіршілік иесі ретінде қарау;
-иесінің жануардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін жеке жауапкершілігі;
-жануарға қатыгездікпен қараудан қорғау;
-адамдарды жануарларға адамгер-шілікпен қарауға тәрбиелеу. Халықтың жануарларға адамгершілікпен жә-не ізгілікпен қарауын тәрбиелеу, жануарларға қатыгездікпен қарауға жол бермеу мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту және тәрбиелеу жүзеге асырылады. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту мен тәрбиелеуді мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, табиғат қорғау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасы туралы хабарлау, биоэтика курсын оқыту немесе білім беру жүйесінде жануарларға ізгілікпен қарау бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізу, көрмелер, семинарлар, конференциялар, конкурстар, жарыстар және басқа да іс-шаралар өткізу арқылы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыреті: жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; өзіне ҚР Конституциясында, Заңдарында және ҚР Президентінің актілерінде жүктелген өзгеде функцияларды орындайды. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті органның құзыреті жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; Осы Заңнан туындайтын мәселелер бойынша қағидаларды әзірлейді және бекітеді.
— Біріншіден үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын әзірлейді; үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды; жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігін хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады; үй жануарларын есепке алуды ұйымдастырады; (01.09.2023 ж. күшіне енеді) жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын әзірлейді; қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады; жануарларға арналған панажайларды есепке алуды жүргізеді; Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау жүргізу тәртібі төмендегіше айқындалған.
Заң нормаларын іске асыру үшін жануарларды есепке алуға, вакциналау мен стерилизациялауға, жануарларды ұстауға және серуендетуге, тасымалдауға, панажайларды есепке алуға, қоғамдық бақылау жүргізуге және т.б. қатысты қағидалар бекітілген. Осы қағидаларды жүзеге асыруды цифрландыру барысында жануарларды есепке алудың «TANBA» ақпараттық сервистік жүйесі іске қосылған.Бұл ақпараттық сервис үй жануарларын есепке алу, қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру, жануарларға арналған панажайлардың есебін жүргізу, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлардың куәліктерін беру жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін әзірленген. Ветеринариялық станция тарапынан тұрғындардың шағымдарына байланысты қаңғыбас ит-мысықтарды аулау кестесі әзірленеді. Сол кесте бойынша аулау жүргізеді. Сонымен бірге жеке азматтардың өтініштеріне бойынша аулау жасалады. Ветеринариялық станциялардан бөлек жеке және заңды тұлғалар бұл қызметпен айналыса алады. Бірақ, оның ішінде ветеринариялық мамандар болуы қажет. Ауланған ит-мысықтар 5 күндік мерзім ішінде уақытша ұстау орнында ұсталады. Осы уақытта олардың иелерін немесе асырап алушылар мен приюттерді ақпараттандыру үшін жергілікті атқарушы органдардың сайттарында хабарламалар орналастырады. Иелері табылған иттер мен мысықтар ерекше талаптарға сәйкес беріледі. Сұраныс болмаған жануарларға айналасына қауіп төндірмейтін, жұқпалы аурулардан таза болған жағдайда стерилиазция жүргізіп, құтырма мен обаға қарсы егілгеннен кейін, құлақтарына сырға салып, ұсталған жеріне жіберіледі (қызыл сырға стерилизация жасалған, жасыл сырға вакцина егілген). Адамдар мен қоршаған ортаға қауіп төндірген және ауруға күдікті жануарлар гумандық жолмен жансыздандырылып өртеліп, қалған қалдығы биотермиялық шұңқырға тас-талады. Адам өміріне және қоршаған ортаға қауіп төндірсе немесе ауруға күдік тудырса 2 куәгердің көзінше дереу жансыздандырылады. Оны растап, акт толтырылады. Фото-видео фиксация жасалынады. Аулауға сертификаты бар ұйықтатын дәрімен жабдықталған заттармен ауланады. Қылмыстық кодекстің 316-бабында жануарға зиян келтіретін қатыгездік жасаған адамға 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.
Қатыгездік нәтижесінде жануар өлсе, онда мұндай әрекет үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, бір жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, болмаса 50 тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамауға алу жазасы бар. Қылмыстық әрекет белгілерінсіз жануарларға қатыгездік жасаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл жағдайда жеке тұлғаларға 5 АЕК, лауазымды тұлғаларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталанатын әрекеттер үшін айыппұл төрт есеге көбейеді. Жануардың өмірі, денсаулығы және жағдайы үшін иесінің жеке жауапкершілігі, оның ішінде әкімшілік (қылмыстық жазаланатын іс – әрекет белгілері жоқ жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін) және қылмыстық жауаптылық (жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған кезде -1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуға не бір жылға дейін бас бостандығынан айыруға қатаңдатылды) көзделген.
Осы көрсетілген Заң талаптарын бұзғаны үшін ит иелеріне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 407-2 бабымен 10 АЕК көрсеткіште айыппұл салынады. Ветстанция жанынан құрылған жұмысшы топ арқылы, әлеуметтік желілер арқылы аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қала және ауылдық округтердегі ветпункт мамандары арқылы тұрғындар арасында ит-мысықтарды ережеге сәйкес ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда.
Бүгінгі күнге аудан тұрғындары тарапынан бұл ережелер тиісті деңгейде сақталмай отыр. Атап айтқанда, аудан бойынша ит қабу жағдайларының 70-80 пайызы иесі бар иттер тарапынан орын алып отыр. Бұл жағдайлар аудан тұрғындарының жеке иеліктеріндегі ит-мысықтарын ережеге сәйкес ұстамауы салдарынан орын алып отыр. Алдағы уақытта аудан тұрғындары иелігіндегі ит мысықтарын заң талаптарына сәйкес ұстауларыңызды сұраймыз.
А.Оспанов,
аудандық ветеринария
бөлімінің басшысы