Мамандық таңдау – маңызды іс
«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Ақтоғай ауылы Ақтоғай орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында “Мамандық таңдау – маңызды іс” тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге, Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Дүйсенұлы Жалғас, Ақтоғай орта мектебінің директоры Сауханов Аманжол, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Салықбаев Шәді, аналар кеңесінің төрайымы Өтешова Айжан, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мадина Пірімбек,Сарысу АПБ ЖПҚ УПИ полиция капитаны Арқабаев Ғазиз, Сарысу АПБ ҚҚБ ЮПТ полиция аға лейтенанты Дүйсенбеков Дәулет қатысты.
Қонақтар оқушыларға мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы, болашақ жолындағы жауапкершілік, өз қабілеті мен қызығушылығын бағалаудың қажеттілігі туралы құнды кеңестер беріп, жас түлектерге сәттілік тіледі.
Кездесуде өнерін көрсетіп, белсенділік танытқан оқушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар іс-шара барысында отбасы құндылығы туралы әңгіме қозғалып, оқушылар ата-аналарына қоңырау шалып, жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.
Сәулет Есқара, «Sarysý»