АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА БАЄЫТТАЛЄАН ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

0

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы»  Жарлығына сәйкес, барлық дейгейдегі әкімдердің 2024 жылға арналған халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі бекітілген. 

Аталмыш кестеге сәйкес, апта ішінде  аудан әкімі С.Мамытов  Байқадам, Игілік, Жаңаталап  ауылдық округтерінде 2023 жылдық есеп беру бойынша халықпен кездесу жиындарын өткізді.

Ең әуелі Байқадам ауылдық округінде есептік халықпен кездесу өтті.

Басқосуға  аудандық мәслихатының төрағасы Ш.Мұсабеков, аудандық прокуратура,  аудандық ҰҚК, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық қоғамдық кеңесі, аудандық алқа би кеңесінің төрағалары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және ауылдық округтің әкімі аппараты қызметкерлері, ауылдық округ ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауылдық округке қарасты мекеме басшылары мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Жиынды ауылдық округ   әкімі  ашып, жүргізіп отырды.

Аудан әкімі  С.Мамытов  сөз алып, аудан көлемінде  2023 жылы  атқарылған жұмыстарды, барлық көрсеткіштерді, оның ішінде ауылдық округтерде  атқарылған жұмыстарды кең көлемде   баяндап  берді.

— «Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылы бірінші осы Байқадам ауылдық округінен бас-талып, өз нәтижесін беріп келе жатыр. Саудакент ауылының ауыз су құбырларын жаңғырту жұмыстары атқарылуда. Жаңатас қаласы және 14 елді мекендерді  газбен қамту жобасы  ауданда іске асып жатыр. Жоба биылғы жылы да жалғасады. Бұл жобаның ішінде Сау-дакент ауылы да бар. Жолдар жөндеуден өткен.

Биылғы жылы Сау-дакент ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту, тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысы, Саудакент ауылында Әйтеке би, А.Байтұрсынов көшелеріне жарықтандыру, Алтынсарин көшесі бойына волейбол алаңшасын орнату, аталған көшенің бос жатқан жеріне абаттандыру жұмыстары жасалынбақ. Сондай-ақ,  2 спорт алаңшасын, балалар ойын алаңшасы, сквер және жаттықтыру алаңын орнату жұмыстары,  аудандық аурухананың Саудакент ауылдық бөлімшесінің жылыту қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Байқадам орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу үшін облыстық басқармаға ұсыныс енгізілген. Жоба нақтылану үстінде. Сараптамадан өткізіліп жатқан екі жоба бар. Олар Саудакент ауылына кіре-беріс жолды жөндеу, Саудакент ауылының су құбырын жаңғыртудың 2 кезеңі,-деді.

Ауылдық округ тұрғындары жарыссөзге шығып,  ұсыныстарын жеткізді.

Ауруханаға МРТ аппаратын орнату,  каналдарды жөндеу,  жер мәселесі,  үш ауылға бір полиция пунктін ашу, сайлау комиссиясының құрамын, қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамын қайта жасақтау, ауданда сүт зауыты жұмысын жандандырса,  «ЕвроХим»  компаниясының ауданға бөлген қаржысы туралы,  аудандық аурухананың басшысы халық алдында есеп берсе тағы да басқа сұрақтарын қойды.

Бұл сұрақтарға аудан әкімі заң аясында жауап беріп, алдағы уақытта жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі  ауыл тұрғындарын жеке мәселелер бойынша   қабылдау өткізді.

Сонымен қатар аудан әкімі Сәкен Мамытовтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуі кестеге сәйкес Игілік ауылдық округінде жалғасты. Мемлекет басшысының әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі есептік кездесуде тұрғындарға өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, ауылдықтардың ой-пікірлерін тыңдады.   Ауданда атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан басшысы Игілік ауылдық округінде де жүзеге асқан жобалар мен алдағы округте жоспарланған жұмыстарға да тоқталды.

—  Өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасына Игілік ауылдық округі енгізілген. Жүзеге асып жатқан жобаның игілігін тұрғындар да көріп келе жатыр. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Өндіріс ауылдық клуб үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Ауданда елді мекендерді  газбен қамту жобасы  іске асып жатыр. Жоба биылғы жылы да жалғасады. Бұл жобаның ішінде Өнідіріс, Игілік ауылдары бар.  Биылғы жылы Өндіріс ауылындағы Ж.Отарбаев орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу,  тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының қасбетін жөндеу, Өндіріс, Игілік ауылындағы Ж.Жұмабеков, С. Орманов көшесіне ИДН және жол белгілерін орнату, Игілік ауылдық округіне төлқұжат орнату, Өндіріс ауылындағы Ж. Омаров көшесіне балалар ойын алаңы, стритворкаут орнату, т.б жұмыстар жүзеге аспақшы ,-деді.

Ауыл тұрғындары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға  оң бағасын берді.

Аудан әкімі биылғы жылы да аудан тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлесе атқару керектігін айтып жиынды қорытындылады.

Жиыннан соң азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Одан кейін  аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңаталап ауылдық округінде тұрғындармен кездесті. Кездесу жиынның негізгі мақсаты тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдап, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, атқарған жұмыстарды баяндау және болашаққа бағдар құру.

Жаңаталап ауылында өткен есепті кездесуде Сәкен Үмбетұлы 2023 жылы ауданда атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы  жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

-Тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына 2023 жылы Жаңаталап ауылдық округіне енгізілген. Жобаның жақсылығын жаңаталаптықтар да көруде.

«Ауыл — Ел бесігі» жобасымен Жаңаталап орта мектебінің спорт зал мен жапсарлас асхана және мәжіліс залының құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты ауданда іске асқан 10 жобаның ішінде осы округтің де көшелері бар.

Жаңатас қаласы және елді мекендерді газбен қамту жобасы іске асырылуда. Бұл жобаның ішінде Ұйым, Жаңаталап ауылдары да бар.

Ұйым ауылында орналасқан «Жаңа кәрітоған», «Сарыөзек» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Жаңаталап, Ұйым ауылдарына спорт алаңшаларын салу, Тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысын жүргізу, Жаңаталап ауылына кіре беріс жолды жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, Ұйым ауылы Ғ. Мұратбаев көшесі жарығын көше шетіне дейін жеткізу, Жаңаталап және Ұйым ауылдарына стритворкаут құрылғысын және балалар ойын алаңшасын орнату, — Жаңаталап ауылына МІҚ малдарына арналған раскол салу,  округте үй жануарларына тоғытпа (купка) салу, Жаңаталап және Ұйым ауылдарында «Тасарық» каналынан  жеңіл және жүк көліктері өтетін 2 көпірге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу сияқты жұмыстар қолға алынып отыр,-деді.

Ауылдың тыныс-тіршілігін толықтай қамтыған жиында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мақсатында қолға алынған жұмыстар да қамтылды.

Ауыл тұрғындары аудан әкімінің есепті баяндамасын талқылауда белсенділік танытып, Талас өзенінің суы,  жер, жайылымдық мәселелері өзге де жеке мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі  С. Мамытов  әр сұраққа жауап беріп, ең алдымен халықтың ұсыныстарын шешуге жұмыс жасалатындығын жеткізді.Сондай-ақ ауылдық округ әкімдігі жиында айтылған пікірлерге іс-шара жоспарын жасап, жұмыстар атқаруды жүзеге асыруды тапсырды.

Тұрғындар тарапынан айтылған орынды ұсыныстар, құнды ой-пікірлер ауылдарды көркейтуге бағытталған. Әрі нақты жауаптар қайтарылып отырды. Аудан әкіміне алдағы ел игілігіне арналған жоспарларына сәттілік тіледі.

Сәулет есқараев,   «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.