Конституция-құқықтар мен бостандықтардың кепілі
Қазақстан Республикасының Конституциясы-тәуелсіз еліміздің ең басты саяси-құқықтық құжаты. Ол мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің негізін қалап, ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайды. Ата Заңымыз әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен қатар, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен бірлігінің берік кепілі болып отыр.
Конституцияда бекітілген қағидаттар-заң үстемдігі, әділдік, теңдік, халық билігі-бүгінгі Қазақстанның өркендеуінің негізгі тірегі болып табылады. Әрбір азамат өз құқықтарын толық пайдалануымен қатар, заң алдындағы жауапкершілігін де жете түсінуі тиіс. Бұл-құқықтық мемлекеттің басты талабы.
Сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі-Конституция нормаларының үстемдігін қамтамасыз етіп, азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау. Әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыру арқылы біз қоғамда заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын орнықтырамыз.
Конституция күні-мемлекетіміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Ол бізге егемендіктің, тәуелсіздіктің және демократиялық құндылықтардың маңызын айқын көрсетеді. Сондықтан әрбір қазақстандық Ата Заңды ардақтап, оның талаптарын мүлтіксіз орындауы-ел болашағына қосқан үлесі болмақ.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Ата Заңымыз-ел тәуелсіздігінің, мемлекеттіліктің және қоғамдағы тұрақтылықтың берік негізі. Конституция азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етіп, құқықтық мемлекеттің дамуына жол ашты.
Сот жүйесінің басты міндеті-Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етіп, заң талаптарының бұлжымай орындалуына қызмет ету. Әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету арқылы біз мемлекетіміздің нығаюына өз үлесімізді қосамыз.
Бұл мерекелі күнде баршаңызға бейбіт өмір, берекелі тұрмыс, игі істеріңізге сәттілік тілеймін. Конституция қағидаттары әрқашан қоғамымыздың мызғымас құндылықтарына айнала берсін!
М. Үркімбаев,
Сарысу аудандық сотының төрағасы