АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ

0

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласының жалпы шығарылымы 28 026,0 млн. тг. (101,4%) жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы шығарылымы 16 950,0 млн. теңге (100,8%) және мал шаруашылығы шығарылымы 12 020,0 млн. теңге (102,5%). Ауыл шаруашылығына тартылатын инвестиция көлемін 750,0 млн. теңгеге (136%) жеткізу жоспарланды. 2023 жылмен салыстырғанда 197,3 млн. теңгеге артық орындалатын болады.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылатын инвестиция көлемін 20,0 млн. теңгеге жеткізу жоспарланды.

Ауыл шаруашылығы дақыл-дарын орналастыру туралы:

Жер есебіне сәйкес аудандағы жалпы егістік жер көлемі 25 206 гектарды құрады. 2024 жылы 24 600 гектар алқапты игеру жоспарланып отыр (98%). Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 92 гектарға артық. Дақылдардың орналасуына тоқталсақ: Дәнді дақылдар 9900 гектар; оның ішінде күздік бидай-4500 га, жаздық арпа-4200 га, дәндік жүгері-1200 га.Майлы дақылдар (мақсары) – 8500,0 гектар; Картоп, бақша және көкөніс дақылдары 550 гектар; оның ішінде картоп-35 га, көкөніс-295 га, бақша-220га. Мал азығы дақылдары (жоңышқа) – 5650 гектар. Ағымдағы жылы аудан бойынша карантинге қойылған 11 шаруа қожалықтың 552 гектар егістік алқаптарына жоңышқа дақылын егуге рұқсат берілді.  Бұл шаруа қожалықтарға үлкен көмек болып отыр.

Егістіктерді сумен қамтамасыз ету туралы. Суармалы егістік алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін  «ҚазСуШар» РМК аудандық филиалы «Ынталы» су қоймасына 30,0 млн. м3 су, ал «Бүркітті» су қоймасына 7,5 млн. м3 су жинауды жоспарлап отыр. Бүгінде, «Ынталы» су қоймасында 5,4 млн. м3 су (18%), ал «Бүркітті» су қоймасында 1,8 млн. м3 су (21,5%) жиналған. Су қоймаларын наурыз айының екінші жартысына дейін толтырып, 20 нау-рыздан бастап шаруашылықтарға қызыл су беріледі деп күтілуде. Су көлемі жақсы болған жағдайда, қызыл сумен кемінде 1000 гектарға жуық алқапты суаруға жұмыс жасалады. Бұл үшін, ауа райы жылыған соң Байқадам, Жаңаталап, Игілік және Жайылма ауылдық округтеріне қарасты каналдардың бойын тазалау жұмыстарын ұйымдастырамыз. Ауыл әкімдері қазірден бастап, көктемгі каналдарды тазалау жұмыстарына қатысу үшін шаруа қожалықтармен ауыл тұрғындары хабарлама беруі тиіс. Негізінен барлық жұмыс ауа райына тікелей байланысты. Су көлемі жоспардағыдай жиналса, шаруашылықтар үш мәрте суарылады деп күтілуде.

Каналдарды жөндеу жұмыстары туралы 2023 жылы Жайылма а/о қарасты Бүркітті каналының 2,0 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Жоба құны 113,0 млн. теңгені құрады. Мердігер «Байтұр-2050» ЖШС. Бұдан бөлек, 47,0 млн. теңгеге 10 каналдың ЖСҚ дайындалған болатын. Бүгінде ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде. 2024 жылы 10 каналда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім берілетін болады. Жалпы су жүйелерін жөндеу жұмыстарының үйлестірушісі аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі. Бұдан бөлек, «Сарыөзек» каналын ҚазСуШар РМК мекемесінің теңгеріміне өткізіп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл бағытта «ҚазСуШар» РМК мекемесімен жұмыстар жүргізілуде.

Дизель отынымен қамтамасыз ету туралы:

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін аудан шаруашылықтары тарапынан 700,0 тонна дизель отынына өтініш берілді. Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан комиссия шешімі бойынша, оператор болып ЖК «Сарыпбекова» таңдалды. Наурыз айына дейін дизель отынын жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Дизель отының бағасы 250 теңге/литр болып бекітілді.

Көктемгі дала жүмыстарына жеңілдетілген несие беру туралы. Ағымдағы жылы аудан шаруашылықтары тарапынан «Саудакент несие серіктестігі» ЖШС-іне жалпы құны 82,0 млн. теңгеге 10 өтінім түскен. Бүгінде, 5 шаруашылықтың өтінімі қанағаттандырылып, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 49,0 млн. теңге несие берілді. Несиелендіру жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы аталған бағытта қосымша қаржы қарастырылуы мүмкін.

Зиянды организмдерге қарсы күрес туралы. Ағымдағы жылы ауданда 11500 га алқапты зиянды организмдерге қарсы залалсыздандыру жоспарланған. Оның ішінде саяқ шегірткеге қарсы 1900 га, Итальян прусы шегірткесіне қарсы 1400 га және Азиялық шегірткеге қарсы 8200 га. Залалсыздандыру жұмыстарының әкімшісі ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі аумақтық инспекция комитеті.

Конкурс нәтижесіне сәйкес, мердігер анықталатын болады. Залалсыздандыру жұмыстары мамыр айының 20-ында басталуы тиіс.

Мал шаруашылығы туралы. 2024 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары санын арттыру жоспарланып отыр. Оның ішінде:

Мүйізді ірі қара 26590 басқа (+3%);

Уақ мал 206 100  басқа (+2,3%)

Жылқы 9 500 басқа (+2,2%), т

Түйе 2 855 басқа (+3%)

Құс 27 000 басқа (+0,5%) жеткізу күтілуде.

Ауыл шаруашылығы жануарларынан төл алу туралы:

Бұзау 6 500 бас;

Қозы-лақ 121 000 бас;

Құлын 1600 бас;

Бота 450 бас;

Мал шаруашылығы өнімдерінің шығымы туралы ет (тірідей салмақта) барлық санат бойынша 9000 тн (+2,3%)

Сүт (сиыр сүті) 7400 тн (3,0%)

Жұмыртқа (тауық жұмыртқасы) 4 400,0 мың дана (4,1%). Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау жұмыстарын 300,0 млн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. 2023 жылмен салыстырғанда 28,5 % ға артық. 2023 жылы аудан шаруашылықтары 186 өтінім жолдап, 233,4 млн. теңге субсидия алды. Ағымдағы жылы шаруа қожалықтардың қамту үлесін арттыратын боламыз.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы жұмыстар туралы. Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұсынысы бойынша, 2024 жылы эндемиялық аумаққа ауданның 12 елдімекені кіріп отыр. Олар, Жаңаталап, Досбол, Үлкен Көкдала, Шағалалы, Тоғызкент, Әбілда, Майлыкөл, Игілік, Жайылма, Маятас, Ақтам және Жайлаукөл елдімекендері. Жалпы аталған елдімекендерде 1381 ауланың 344,0 мың шаршы метрден астам қора жайлары және 127,0 мың басқа жуық ауыл шаруашылығы жануарлары залалсыздандырылуы тиіс. Аудандық резервтен жұмыстарды ұйымдастыруға 12,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Қажетті дәрі-дәрмекке аудан әкімдігінің қаржы бөлімі конкурс жариялауда. Жұмыстар толық сәуір айының 20 күні басталуы тиіс. Бұдан бөлек, эндемиялық аумаққа кірмеген Жаңатас қаласы және қалған 12 елді-мекенде де кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Себебі, қырда орналасқан ауылдық округтердің малдарының басым көпшілігі Талас бойында бірге араласа жайылады.

Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындар 8,0 мыңнан астам мал сатып алды. Оның ішінде, 1,5 мың бас мал басқа облыс пен аудандардан, ал 6,5 мың бас мал аудан ішінде сатылды. Бұлда өз кезегінде, кенелердің бір аймақтан екінші аймаққа көшуіне ықпал етуі мүмкін. Залалсыздандыру жұмыстарына енбеген ауыл тұрғындарынан бірнеше жыл қатарынан наразылық айтылып, арыз-шағым, өтініштер келіп түсуде.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша әр ауылдық округтерде бір жобадан іске асыру межесі қойылып отыр. Бүгінде, ауылдық округтерден аталған жобалар аясында ұсыныстары жинақталуда.

Ауыл шаруашылығы техникалары туралы. Аудан бойынша бүгінде 683 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Оның ішінде, 29 комбайн, 383 түрлі қуаттағы тракторлар,  78 топырақ өңдеу техникалары және 193 қосалқы басқа да техникалар. 2023 жылы жаңадан 21 трактор және 41 қосалқы техникалар сатып алынған. Ағымдағы жылы техника жаңарту үлесін 10% жеткізіп, жаңадан 68 техника сатып алу жоспарланып отыр.

Н.Молдабеков,

аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің

басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.