Азық-түлік бағасы тұрақты

0

Өткен аптаның сенбісі күні аудан орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және жергілікті өнімдерді халыққа қолжетімді бағамен ұсыну мақсатында азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде аудан әкімі Сәкен Мамытов нарықтағы бағаны бақылап, тұр­ғындардың тілектерін тыңдады. 10-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Саудаға жылқы, қой, сиыр еттерімен қатар, көкөністер-асқабақ, сәбіз, қырыққабат, пияз, картоп, алма және сүт өнімдері (қаймақ, сары май, ірімшік) шығарылды. Жалпы көлемі 4 тоннадан астам өнім саудаланды.
Сатылған барлық тауарлар аудан тұрғындарына базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынылды. Мұндай шаралар жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдау және тұрғындардың азық-түлікке деген сұранысын қана­ғаттандыру мақсатында ұйымдас­тыры­лып отыр. Жәрмеңке халық арасында үлкен қызығушылық тудырып, аудан тұрғындары үшін тиімді әрі пайдалы сау­да алаңына айналды. Алдағы уа­қыт­та мұндай жәрмеңкелерді тұрақ­ты түрде өткізу жоспарлануда.
— Біз әр уақытта осы жәрмеңкеге келіп жүреміз. Бағалары дүкендегілерден әжеп­тәуір арзан және мына қаймақ, май­лардың сапасы өте жақсы. Ауылдан келеді ғой. Өзіміздің ауылдан келетін кісілерден аламыз. Құрт, май, ірімшік сияқты тағы да басқа тауарларды өте төмен бағамен алып отырмыз. Жәрмеңке біздің халқымызға өте тиімді. Өйткені бағасы да өте төмен. Қажет затымызды да бір жерден қомақты етіп алуға болады. Сол себепті мынадай жәрмеңкелер көп өтіп тұрса, бізге өте ыңғайлы болар еді,-деді қала тұрғыны Роза Мұқанова.
Жәрмеңкеде «Мектепке жол» рес­пуб­ликалық акциясы аясында мектепке қажетті құрал — жабдықтар қолжетімді бағамен сатылды.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.