Ауыл шаруашылығы – ел байлығы!

0

Мемлекет басшысының 2023 жыл­ғы 26 сәуірдегі тапсырмасына жә­не Үкіметтің 29 желтоқсандағы 2023 жылғы №1248 қаулысына сәйкес 2025 жылы 1 тамыздан 20 қазанға дейін Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ұлт­тық ауыл шаруашылық санағын өт­кізу туралы шешім қабылданды.
Бұл санақтың мақсаты, ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу, экономиканың ішінде аг­рарлық секторының дамуын болжау.
Бұл ауқымды статистикалық шара республиканың барлық өңірін қамтып, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы өзекті деректердің маңызды көзіне айналады.
Аудан әкімінің өкімімен «2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалу, өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөніндегі арнайы комиссия құрылған. Санақ екі кезеңде өтеді және 2025 жылдың 20 қазанына дейін жалғасады:
Онлайн кезең-1-31 тамыз аралығында өтетін онлайн сауалнама жүргізу кезеңінде, заңды тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және жеке қосалқы шаруашылық жүргізуші үй шаруашылықтары сауалнамадан қашықтықтан өз бетінше sanaq.gov.kz платформасында онлайн сауалнамадан өтеді;
Офлайн-кезең-20 қыркүйектен 20 қазан аралығында интервьюерлер онлайн форматта өз бетінше сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарымен ауыл шаруашылығы өндірушілерін (заңды тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтарын, жеке кәсіпкерлерді) аралап, сауалнама жүргізетін болады.
Науқанның ерекшелігі-сайтта тамыздың 1-і мен 31-і аралығында онлайн санақтан өту мүмкіндігі sanaq.gov.kz. Бұл үшін респонденттер ЭЦҚ, QR-код немесе СМС көмегімен авторизациялануы қажет. Толтырылған сауалнаманы сақтауға және оны толтыруға кейінірек оралуға болады, ал аяқталғаннан кейін электрондық поштаға санақтың өткені туралы растау келіп түседі.
Бүгінгі күнге (1 тамыздағы жағдаймен) ауданда 5 487 субъекті санақтан өтуге жатады. Оның ішінде 28 заңды тұлға, 1822 шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлер және 3 637 үй шаруашылықтары.
Санақ сауалнамасы заңды тұлғалар үшін 29 бөлім бойынша сұрақ (2-АШК/ШФҚ нысанда), үй шаруашылықтары үшін 22 бөлім бойынша сұрақтан (3-ЖҚШ нысанда) құралған.
Құрметті аудан тұрғындары, ауыл шаруашылығы саласы мен сол салада қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілері!
2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы-Қазақстанның аграрлық секторын және азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытуға арналған стратегиялық маңызы бар іс-шара.
Алынған деректер тиімді мемлекеттік саясат пен барлық деңгейдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға негіз болады. Барлық қатысушы тарапты өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, санаққа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Ануар Қоянтай,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.